» » КАТАР-2018: АУЫР АТЛЕТТЕРДІҢ АЯҚ АЛЫСЫ ҚАЛАЙ?

КАТАР-2018: АУЫР АТЛЕТТЕРДІҢ АЯҚ АЛЫСЫ ҚАЛАЙ?

  Қазақстандық Раушан Мешітханова ауыр атлетикадан мәреге жеткен Катар кубогы турнирінде күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Раушан 2020 жылғы Токио Олимпиадасы қарсаңында лицензиялық турнирлердің бірі болып табылатын аталмыш жарыста 87 келі салмақтасынға түсті. Қазақстандық атлет жұлқа көтеруден 100 келіні көтеріп, жеңімпаз атанды. Серпе көтеруден 115 келіні бағындырып, екінші орынға көтерілді. Қос сайыс қорытындысында 215 келіні еңсерген қазақ қызы турнирде үздік шыққан венгриялық атлеттен 1 келіге ғана қалып қойды.
Аталмыш турнир барлық салмақ түрі бойынша өтетін, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия беру бойынша ірі жарыстардың бірі.
Сайыстың алғашқы күні ауыр атлеттер Фархад Харки мен Арли Чонтей төртінші орын иеленген. Игорь Сон болса Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль салған.
Нижат Рахимов (73 келіге дейінгі салмақта) қола медаль иеленген еді.
Сонымен бірге, қос сайыстың бірінен орын алғаны үшін берілетін «кіші» медальға Айдар Қазов (81 келіге дейінгі салмақта, серпе көтеру), Карина Горичева (64 келіге дейінші салмақта, серпе көтеруде) ие болды.
Сонымен бірге, 89 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Рүстем Сыбай қос сайыстың қорытындысы бойынша 8-ші орыннан көрінді.
Жарақат алуына байланысты лицензиялық турнирдің помостына Илья Ильин шыға алмай қалған еді. Бапкерлер құрамы ауыр атлетке сайысқа қатысуға рұқсат бермеген.
«Біз Ильяның ауыр жарақат алуын болдырмау керек деп шештік. Ем жүргізіліп, денсаулығын қалпына келтіру процесі жүргізіліп жатқанына қарамастан, жаттығу кезінде омытртқасы қайта сыр берді. Нәтижеге қол жеткізуге барынша тырысуға болар еді, бірақ ондай жағдайда белді үзіп алу қаупі бар-тын. Жаттықтырушылар штабы оны помостқа жібермеу туралы шешім қабылдады, өйткені алдағы уақытта басымдыққа ие бәсекелі сайыстар бар», - деді ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников.

Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
23 желтоқсан 2018 ж. 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031