» » Көмірдің бағасы құлдырады

Көмірдің бағасы құлдырады

   кіметтің бүгінгі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көмірдің арзандағанын мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, биыл көмірдің бағасын арзандатуға қатысты жүздеген меморандумға қол қойылды. Осының нәтижесінде жылыту маусымы аяқталғанша Шұбаркөлдің көмірі 15-20 процентке, ал Қаражыраның көмірі 6 процентке арзандап отыр.
«Мәселен, Алматы облысында Шұбаркөлдің көмірі 3 100 теңгеге немесе 21 процентке төмендеді. Қаражыра көмірі 1 000 теңгеге немесе 5-6 процентке арзандады. Қостанай облысында Шұбаркөлдің көмірі 2 950 теңгеге, ал Қаражыраның көмірі 800 теңгеге төмендеді. Сол сияқты Астанада Шұбаркөлдікі 3 000 теңгеге арзандаса, Қаражыраныкі 800 теңгеге түсті», - деді Ж.Қасымбек.
Айта кетейік, бүгінде xалыққа жеткізілетін көмірдің басым бөлігі - Шұбаркөл мен Қаражыраның шикізаты. Шұбаркөлдің көмірі Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық өңірлерге жеткізілсе, Қаражыраның көмірі Қарағанды облысынан басқасынан барлығына сатылады. 
07 қаңтар 2019 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930