» » Хакерлік покер ойыны һәм 20 миллион доллар

Хакерлік покер ойыны һәм 20 миллион доллар

  Ширек ғасырдан астам уақыт аралығында адам баласы қарқынды дамып отырғаны анық. Сондықтан «ХХІ ғасыр – технология дәуірі» деген тіркес пайда болды. Ал осы тұжырымның қалыптасуына Билл Гейтс, Стив Джобс секілді әлемнің өзгеруіне өз ықпалын қосқан тұлғалардың үлесі аз емес.
Билл Гейтс жайлы қызықты мәлімет
Биллдің компьютерге деген қызығушылығы мектеп кезеңінен бастап қалыптасқан. Тіпті бір топ сыныптастарымен мектеп компьютерін бұзып, кішігірім хакерлік іспен де айналысқан. Ол алғашқы табысын оқушы шағында тапқан. Сабақ кестесінің электронды нұсқасын жасап, мектеп басшылығына 4200 АҚШ долларына сатқан. Емтиханда жоғарғы балл жинап (1600 ұпайдың 1590-ын жинаған) Гарвард университетіне түскен. Дегенмен дәріс тыңдау оны жалықтырып, оқуды тастап кетеді. Содан соң компьютерлік программаларды жасай жүріп, покер ойынымен де әуестенген. Университетте сабақ беретін профессорлардың біріне «30 жасында миллионер болатынын» айтқан. Билл Гейтс 31 жасында миллиардер атанып үлгерді. Егер Билл Гейтс басқаратын Microsoft компаниясын тұтастай бір мемлекет түрінде қарастырсақ, онда ол ұйым табысы жөнінен әлемдегі 37 -ші ел болар еді.
Кей күндері Гейтстің бір күндік табысы 20 миллион АҚШ долларына дейін жетеді.
Билл Гейтс оқуға кеңес берген кітаптар тізімі
«Жақсы идеялар қайдан алынады» авторы: Стивен Джонсон.
«Эйнштейннің ай серуені: өнер мен ғылым бәрін есте ұстайды» авторы: Джошуа Фоер.
«Әлемдегі ең мықты идея» авторы: Уильям Розен.
27 желтоқсан 2018 ж. 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031