» » Мешіндер үшін жыл басы жақсылыққа толы болады

Мешіндер үшін жыл басы жақсылыққа толы болады

 Мешін
Мешін жылы туғандар асығыстығымен ел назарын өзіне аударып жүреді. Ит жылында баршаға ортақ тәртіпке бағынуға тура келеді.
Денсаулық
Спортпен шұғылданыңыз. Арнайы спорт залына бармай-ақ,теледидардан таңертеңгілік бағдарламамен бірге жаттығу жасаңыз. Қозғалыста болыңыз. Жұмысыңыз кеңседе немесе ғаламтормен байланысты болса он минут көз,қол жаттығуын жасап,өзіңізді сергек сезініңіз. Міндетті түрде таза ауамен тыныстаңыз. Өйткені бөлмедегі ауа кері әсерін беруі мүмкін. Далада серуендеп, жай ғана жүгірсеңіз де денсаулығыңызға көмегін тигізеді.
Мансап
Жыл басы жақсылыққа толы болады. Жұмыста және өмірде жаңа таныстар көбейіп, жарқын сәттер көп болады. Көктемге қарай табысы мол кәсіп бойынша жақсы ұсыныстар аласыз. Бұл сіздің болашақтағы қаржылық жағдайыңызды көтереді. Әсіресе кәсіпте, саудада жол ашылады. Күзге жақын жаңа үйлі болып немесе өз үйіңізді үлкейтуіңіз ықтимал.
Махаббат
Әлі өмірлік серігін кездестірмеген Мешіндерге жұлдыздар абай болу қажеттігін ескертеді: болашақ жарыңызды таңдағанда, қызығушылықтарыңыз бір арнада тоғыса ма, соған мән берген дұрыс.
Қаржы
Жұмыс бойынша іссапарға жиі шығуға тура келеді. Жүйкеңіз жұқарып, физикалық тұрғыдан аздап шаршайсыз. Жыл ортасында қаржылық тұрақсыздық байқалады. Сол себепті көлемді қарызға батуыңыз мүмкін. Жұмыс ауыстырып қалуыңыз да ғажап емес.
03 қаңтар 2019 ж. 935 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031