» » Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің шетінеуі екі есеге азайған

Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің шетінеуі екі есеге азайған

   Соңғы 10 жылда елімізде жаңа туған сәбилердің шетінеуі 2 есеге азайған. Бұл туралы Педриатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нақтырақ айтқанда, нәрестенің туа біткен даму ақауын жатыр ішінен анықтап қана қоймай, сонымен қатар жүкті әйелдерді емдеуге мүмкіндік беретін перинатальдық диагностикалау жетілдірілуде.
Сондай-ақ республикада балалар кардиохирургиялық қызметі дамып, медицина жетістіктері арқасында онкологиялық ауруға шалдыққан балалардың өмір сүру ұзақтығы артып, көпшілігі құлан-таза айығып кеткен. Бұл химиотерапияны таңдамалы қарқындату әдісі арқылы мүмкін болған.
Ақ халаттылардың білімін жетілдіру, тәжірибесін шыңдау да жол картасының басым бағыттарының бірі.
Айта кеткен жөн, 2017 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде педиатрия факультеті қайта ашылды.
«Неонатолог дәрігерлер біздің орталықта тек қана емдеу үрдісімен айналыспай, сондай-ақ республика бойынша жас мамандардың болашақ неонатолог мамандардың қалыптасуында үлкен жұмыс жасалынады. Консультативтік кеңес ретінде бірнеше телемедициналар өткізілуде үнемі. Яғни, республика бойынша орталықтағы неонатологтар білімімен бөлісіп, өздерінің тәжірибесімен үнемі республикамен тығыз қарым-қатынас жасалынады», - деді С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті Гүлмира Алтынбаева.
12 қаңтар 2019 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930