» » Ауруды ерте білген жақсы

Ауруды ерте білген жақсы

Ozekti
    Өмір – қозғалыстың көркем көрінісі. Қозғалыс болмаса, өмір де жоқ. Ақын тілімен айтқанда, дүние атты үлкен көл замана атты соққан желдің күшімен толқып, дөңбекшіп, қозғалысқа түсіп жатыр. Уақыт – өзгерістің сарапшысы. Уақыт – жеміс те береді, жеңіс те әкеледі. Уақыт – бастан жақты да айырады, жараны да жазады. Десе де жанын шүберекке түйіп, соңғы сәтін күткен науқас қана бір минуттың қадірін түсінбек.
«Медицина қарыштап даму үстінде» деген сөз жиі айтылады. Бүгінде ауыр дерттің шипасы табылып, ауыр отаны да «лазермен» жасап жатыр. Десе де қатерлі ісіктің емі әлі табылған жоқ.  Қатерлі ісік жаһан проблемасына айналып, әлемде онкологиялық аурулар ахуалы өткір түрде айтылуда. Жыл өткен сайын адам бойындағы қатерлі ісік түрлері көбейіп келеді. Тұрғындар скринингтік тексерулерге әлі де немқұрайлы қарайды.
Аймақта қатерлі ісіктің І сатысын анықтау көрсеткіші 2018 жылдың 6 айында ағымдағы жылмен салыстырғанда 11,0%-дан 28,9%-ға жоғарылаған. Сондай-ақ І, ІІ сатысында анықтау көрсеткіші 14,4 %-ға артқан.
  – Биыл ерлер мен әйелдерді тексеру кабинетін арттырдық. Тиісті мамандарды оқыттық. І, ІІ сатысында анықталған науқастардың саны өсуде. Бізді қуантатыны да осы. 3 жыл бұрын І сатысында 8 пайызы ғана анықталатын. Бүгінгі таңда ол  28 пайызға жетті. Бұл – атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Ауруды ерте анықтау, дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсету, науқасты ауруынан айықтыру мақсатында әлі де жұмыс істейтін боламыз, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова.
  Қолда бар дерекке көз жүгіртсек, онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша облысымызда скрингтік тексеруден 170 мыңға жуық азамат өткізіліп, 61 қатерлі ісікті І сатысында анықтау мүмкін болған. Скринингтік тексерулермен қатар қаралу кабинеттерінің артуына байланысты қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтау көрсеткіші артқан. Мысалы, 2017 жылы сүт безі қатерлі ісігінен 17 әйел І сатысында анықталса, биыл 49 әйелден ерте анықтауға, жатыр мойны ісігінен 3 әйел, биыл 11 әйелден ерте анықталған.
Еліміздің денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі – онкологиялық аурулармен күрес. Алдын алу шаралары – ғаламдық обыр індетін төмендетудің тиімді тәсілі. Бүгінгі таңда медицина аурудың алғашқы сатысында жетістікке жетуге мүмкіндік беретін обырдың алдын алу, диагностикалау мен емдеудің күшті әдістерін пайдалану міндеттеріне көшті. Қатерлі ісікті ерте анықтау мен алдын алудың аса тиімді әдістерінің бірі – халықты профилактикалық медициналық тексеруден өткізу. Сондықтан облыстық денсаулық басқармасы тұрғындарды скринингтік тексеруден өтуге шақырады.
Мөлдір САБЫРЖАН
16 тамыз 2018 ж. 929 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031