«Алтын глобус» киножүлдесінің жеңімпаздары анықталды
«Богемская рапсодия» фильмі «Үздік драма» категориясында «Алтын глобус» жүлдесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұл санатта «Черная пантера», «Черный клановецә, «Если Бил-стрит могла бы заговорить» және «Звезда родилась» картиналары сынға түскен еді. «Богемская рапсодия» фильмі әлемдік прокатқа 23 қазанда шығып, 72 миллион теңгеден аса қаражат тапқан. Батыс сыншылары Фредди Меркьюриді сомдаған Малекке тәнті болып, оны «Оскар» жүлдесін алады деп отыр. «Богемская рапсодия» картинасында басты рөлде ойнаған Рами Малек үздік драма актері атанды. Бұл категорияда Брэдли Купер («Звезда родилась»), Уиллем Дефо («Ван Гог. На пороге вечности»), Лукас Хеджес – «Стертую личность» және Джон Дэвид Вашингтон («Черный клановец») сынға түскен. Үздік драма актрисасы «Жена» атты фильміндегі рөлі үшін Гленн Клоуз болды. Бұл оның жеңіп алып отырған үшінші «Алтын глобусы». Бұл санатта оған Николь Кидман («Время возмездия»), Мелисса Маккарти («Сможете ли вы меня простить?»), Леди Гага («Звезда родилась») және Розамунд Пайк («Частная война») қарсылас болған еді.