» » "Оскар" сыйлығына кімдер үміткер?

"Оскар" сыйлығына кімдер үміткер?

 Ертең, яғни наурыздың 4-нен 5-не қараған түні кино саласындағы жылдың басты оқиғаларының бірі – «Оскар» сыйлығын табыс ету салтанаты өтеді. Оскар сыйлығын табыс ету рәсімі, дәстүр бойынша, ақпан айының соңғы аптасында өтетін. Алайда, Кореяда Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына байланысты бұл айтулы шараны кейінге жылжытуға тура келді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Интернет желісіндегі ақпарат көздеріне сүйене отырып.
Реті бойынша мерейтойлық 90-шы болып табылатын салтанатты шара биылғы номинанттарының арқасында ерекше болып отыр. Соның бірі – «Үздік режиссер» санаты бойынша алтын мүсінге үміткер ретінде ұсынылып отырған Грета Гервиг. Грета, әдетте, ерлер номинациясы болып саналатын режиссура саласы бойынша әйел адам номинант болып отырған бесінші режиссер. Голливудтың бас жүлдесін «Үздік режиссер» номинациясы болып алғаш рет 1977 жылы Лина Вертмюллер иеленген болатын.
«Үздік оператор» атағы үшін Оскар тарихында алғаш рет әйел адам бақ сынап отыр. Бұл – «Мадбаунд» фермасы» атты картинаның операторы Рейчел Моррисон. Үздік деректі фильм түсіруші ретінде трансгендер Янс Форд «Оскар-2018» сыйлығына үміткер ретінде жарияланды. Янс Форд өзінің жынысын өзгерткені жайлы ашық айтатын кино майталманы болып отыр. Жалпы, Голливудта біржыныстылар арасындағы махаббатты көрсету бүгінгі таңның өзекті тақырыбына айналған.
Ал, ендеше, «Үздік фильм» номинациясы бойынша «алтын адамды» еншілеуге үміткер картиналарды тізбелейтін болсақ, онда ол мыналар: «Мені өз есіміммен ата» (режиссері – Лука Гуаданьино), «Қара заман» (режиссері – Джо Райт), «Дюнкерк» (режиссері – Кристофер Нолан), «Кет» (режиссері – Джордан Пол), «Берд ханым» (режиссері – Грета Гервиг), «Құпия өмірбаян» (режиссері Стивен Спилберг), «Су пішін» (режиссері – Гильермо дель Торо), «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» (режиссері – Мартин МакДонах).
«Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша үміткерлер: Тимоти Шаламе («Мені өз есіміммен ата»), Дэниэл Калуя («Кет»), Дэниел Дэй-Льюис («Елесті байланыс»), Гари Олдмен («Қара заман»), Дензел Вашингтон («Роман Израэль, Esq»).
«Үздік әйел адам рөлі» бойынша: Салли Хокинс («Су пішіні»), Фрэнсис МакДорманд («Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд»), Марго Робби («Тоня барлығына қарсы»), Сирша Ронан («Берд ханым»), Мэрил Стрип («Құпия өмірбаян»).
Айта кету керек, Гильермо дель Тороның «Су пішіні» атты туындысы 13 санат бойынша Оскарға үміткер болып отыр.


03 наурыз 2018 ж. 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930