» » Қазақстанның сыртқы қарызы азайды

Қазақстанның сыртқы қарызы азайды

   Елдің сыртқы қарызы 8,6% азайды, деп хабарлайды Хабар 24.
 Агенттіктің хабарлауынша, Қазақстанның сыртқы қарызы өткен жылдың қазан айындағы есебі бойынша, 8,6% азайып, 161,5 млрд долларға дейін төмендеген. Сыртқы борыштың 63,7% бұрынғысынша фирмааралық берешек құраса, 25,7% байланысты емес кредиторлар алдындағы қарыз, 7,1% мемлекеттік сыртқы борыш, ал, 3,5%-і «Банк» секторының сыртқы міндеттемелері болып отыр. Өткен жылдың 3 тоқсанында экономиканың барлық секторлары есебінен елдің сыртқы берешегі 3 млрд АҚШ долларына қысқарды. Ал мемлекеттік сыртқы борыш негізінде Ұлттық банктің қысқамерзімді ноталарын өтеу және оларға шетел инвесторларының сұранысының азаюы есебінен шамамен 453 млн АҚШ долларына қысқарған. Ал фирмааралық берешек мұнай-газ секторындағы ірі компаниялардың шетелдік ұйымдардың еншілес кәсіпорындарынан несиені өтеу нәтижесінде 823,7 млн АҚШ долларына төмендеді.   
07 қаңтар 2019 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031