Сирияға соңғы күндері 1 мыңнан астам босқын оралды

Босқындар арасында әйелдер мен балалар көп. Ал Сирияның бірқатар аймағында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, тұрғындарға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Бірақ елдегі татуластыру процесіне қосылған елді мекендер саны ұлғая қойған жоқ. Оның саны 2 жарым мыңнан астам. Атысты тоқтату режиміне қосылған қарулы топтардың саны да өскен жоқ. Дегенмен лаңкестерден азат етілген аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары барынша жүргізілуде.
Дереккөз: 24.kz