Жемқорлықпен күрес шаралары 3 есеге артқан
Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне тоқталып өтті. Онда жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретінін және соңғы 3 жыл ішінде жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық қылмыстар үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталғанын атап өтті.
Осы бағытта осыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 1399 іс-шара өтті. Яғни, 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 2017 жылы іс-шаралар саны 3 есеге артық өткен. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында рухани-адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында облыс аумағындағы 284 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы құрылып, жүйелі насихат жұмыстары жүргізілуде. Аталған клубқа мүшелікке өткен оқушылар саны 9 395 адамды құрайды. Жыл басынан осы клубтардың түрлі тақырыптарда 2500-ден астам ауқымды іс-шаралары өткізген. «Парасыз болашаққа. Бірге!» жобасы аясында мобильді топ жалпы саны 27543 адамды қамтыған 325 кездесулер мен 116 қоғамдық қабылдаулар өткізді. «Есіктен есікке!» жобасы аясында коммуналдық қызметтердің ақы төлеу түбіртектеріне тіркелген сыбайлас жемқорлыққа қарсы 784 398 флаерлер таратылса, қоғамдық көліктер мен халық көп шоғырланған орындарда 332 478 дана жемқорлыққа қарсы плакаттар ілініп, парақшалар таратылды.