Suraq/jauap

Сұрақ:
  – Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қызметі енді ақылы болады деп естідім. Қаншалықты рас? Сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды оқып отыруға кез келгеннің уақыты, мүмкіндігі, тіпті құлқы да бола бермейді ғой. Өзгерістер қай салаларын қамтыған?
Күнімжан Қызылордадан
Сұраққа Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әйгерім Рахымжанова жауап береді.
Жауап:
– Мемлекеттік сатып алу саласындағы құжаттарға өткен жылдың желтоқсан айының соңында қол қойылды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Өзгерістерді ең бірінші мемлекеттік сатып алудағы жеңілдіктерден бастасам. Біріншіден, бір көзден сатып алу тәсілімен жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың шекті сомасы бұрын 100 айлық есептік көрсеткішке дейін жүргізілсе, енді 500 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Бұл кішігірім сатып алу рәсімдерін жеңілдетеді. Негізінен, бұл ереже кішігірім бюджеттері бар тапсырыс берушілерге (балабақшалар, мектеп, емхана, аурухана, мәдени орталық, интернат, қарттар үйі т.б.) қатысты. Ауыл әкімдіктерінің бюджетінің төртінші деңгейін енгізу шеңберінде осы шек 3 мың айлық есептік көрсеткішке (6 807 000 теңге) дейін ұлғайтылды. Ауылдық әкімдіктерге бұл норма әкімдіктің мемлекеттік сатып алулардағы қызметкерлерінің біліктілігін қалыптастыру кезеңінде 2021 жылға дейін жарамды болады.
Екіншіден, баға ұсыныстарын сұрату әдісі арқылы сатып алу кезінде сапалы тауарларды жеткізу де үлкен мәселе. Техникалық сипаттамада тауардың фирмалық атауы жазылмағандықтан, тапсырыс беруші көп жағдайда сапасыз өнімдерді алуға мәжбүр болады. Өзгерістерге сай, енді баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша сатып алуда (1000 АЕК-ке дейін немесе 2 405 000 теңгеге дейін) тапсырыс берушілер тауарлардың фирмалық атауларын техникалық сипаттамада көрсетуге құқық алды.
28 қаңтар 2019 ж. 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031