» » Бала әл-ауқатын ұйымдастыру

Бала әл-ауқатын ұйымдастыру

   Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Назарбаев Зияткерлік мектебінде семинар-тренигтен өтті.
Онда облыс орталығындағы 60-қа жуық тәрбие мамандары бас қосты. Зияткерлік мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Жүсіпбек бала тәрбиесінде мектеп жобаларының маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырды. Педагог-ұйымдастырушы-куратор Гүлжайна Сайфуллақызы оқушылардың ел тарихын танып білуге негізделген «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясының мақсат-міндеттерін түсіндіріп, оның жүзеге асырылуын тәжірибе арқылы көрсетті. Семинар бағдарламасына сәйкес қатысушылар үш топқа бірігу арқылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тәрбие жұмысының ұйымдастырылу барысымен танысты. Зияткерлік мектептің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары мектепте жүргізілетін «Қоғамға қызмет», «100 ән, 100 күй», «TEDX NIS клубы» тәрбиелік маңызы бар жобалар мен жазғы әлеуметтік тәжірибелер туралы баяндады. Сонымен қатар қатысушылар педагог-психологтардың «Бала әл-ауқатын ұйымдастыру іс-әрекетінің ерекшелігі» тақырыбында ағартушылық семинар-тренингтен өтті.
Шара соңында педагогтар зияткерлік мектепте жұмыс істейтін 40-тан астам қосымша білім беру үйірмесіне қатысушы балалардың ағаштан, қыштан жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады
15 қаңтар 2019 ж. 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031