АҚЫЛДЫ ӘЙЕЛ
Әдетте қоғамдағы әйелдердің орнын өте төмендетеміз. Бірі үйінде отырсын десе басқасы әйел тек ұрпақ жалғастыруы дұрыс дейді. Алай әйелдердің басым бөлігі еркектерге қарағанда ақылдырақ болып келеді. Бұл уақыт аралығында олар әлдеқайда алда жүретінін дәлелдеп те үлгерді. Ендеше назарларыңызда нәзік жандылар ойлап тапқан өнертабыс түрін ұсынамын.
1.Қағаз қалташалар. Алғашқы нұсқасын Америкада 1868 жылы Маргарет Найт атты бикеш ойлап табады. Қағаз өте жіңішке әрі пайдалануға ыңғайлы екенін білген ол дереу кәсібін дөңгелетеді. Десе де Чарльз Аннан атты еркек оны өзіне патенттеп алғысы келген. Алайда оны сотқа берген Найт жеңіп шығып, көп ұзамай кәсібін жалғастырады.
2. Тетігі бар қоқыс жәшігі. Бәлкім кез-келген үйде бұндай дүние табылатын шығар
. Жанына жақындап, тетігін аяқпен бассаңыз, қақпағы ашылады. Бұл өте ыңғайлы әрі оңай нәрсе. Керемет дүниені 1900 жылы ойлап тапқан Лилиан Гилбреттің бұдан басқа тетікпен ашылатын тоңазытқышы да болған деседі.
. Жанына жақындап, тетігін аяқпен бассаңыз, қақпағы ашылады. Бұл өте ыңғайлы әрі оңай нәрсе. Керемет дүниені 1900 жылы ойлап тапқан Лилиан Гилбреттің бұдан басқа тетікпен ашылатын тоңазытқышы да болған деседі.
3. Терезе тазартқыш. Бүгінде жауын жауса, көбішімізді осы бір туынды құтқарады. Сырт көзге бұны бикеш ойлап тапты деп айту қиын. Бірде көлігімен келе жатқан Мэри Андерсон қатты жауынның астына қалады. Кейіннен өзінің көлігіне қолмен тазалайтын қондырғы орнатады. Артынша оның қондырғысын автоматты түрге келтіруге көмектескен ғалым Шарлотта Бриджвуд болды. Осылайша қондырғылар ұзақ уақыт сұранысқа ие болды. Ең алғаш оны Кадиллак маркасының автокөліктері пайдаланды. Одан кейін күллі әлемге тарады.
4.Бір реттік жаялықтар пайда болғалы ата-аналардың өмірі мәңгілікке өзгерді деседе болады.1951 жылы Booter деп аталатын жаялықтар жарыққа шықты. Авторы Марион Донован болды. Алғашында құр матадан жасалатын жаялық көптің көңілінен шықпады. Ғылыми идеялар арқасында оған түрлі нәрселер жалғанды. Осылайша 1961 жылы ресми түрде «Памперс»деп аталатын жаялық сатылымға шықты.
5. Асханадағы барлық әйел заты ыдыс жууда қиналатыны айдан анық. Ал ыдыс жуатын машинаны өздері секілді бір сылқым ойлап тапқанын біле ме олар? Жозефина Кокрейн атты ғалым қыздың туындысы алғашқы нұсқасында тек қана құрылғы болды. Оған адамның өзі су ысытып құю қажет болды. Ал қазіргі машиналарда тек қана бір тетікті басу қажет. Ең қызығы, өнертапқыш қыз өз машинасын қолданбапты, себебі үйінде қызметкерлері көп екен.
6. Сара Гуд есімді кісі үйінің тарлық етуіне байланысты қызықты жаңалық ашады. Бір уақытта үстел мен жататын орын бола алатын жиһаздың авторы атанады. Күндіз жайлы дастарқанға айналып, түнде жатын орынның рөліндегі бұл жиһазды бүгінде «Мерфи» деп атайды.
Дамир АМАНКЕЛДІ