ҰБТ-ның алғашқы сынағы қалай өтті?
Қызылордада 15-20 қаңтар аралығында бітіруші түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары» туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығына 2018 жылғы 30 қарашадағы №658 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жалпы ҰБТ-ның өткізу форматы өзгеріссіз.
Биыл түлектер жоғары оқу орындарына түсу үшін жылына 4 рет ақылы (2242) түрде ҰБТ тапсырады. Яғни, 15-20 қаңтар, 24-29 наурыз, 20 маусым-5шілде, 17-20 тамыз аралығында жүргізіледі. Қаңтар, наурызда өткізілетін ҰБТ қатысқан мектеп бітіруші түлектер маусым айында өткізілетін ҰБТ-ға және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау Конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылмайды.
Сонымен қатар, ҰБТ-ға қатысушының ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаты болса, «Шет тілі» пәнін тапсырудан босатылады.
Қызылорда облысы бойынша қаңтар айындағы ҰБТ-ға 5752 бітірушің 2056-ы ( 35,7%) қатысты. ҰБТ 18-20 қаңтар аралығында Қазалы, Жаңақорған, Қызылорда қаласында орналасқан 3 тестілеу пунктінде өткізілді.
Келесі ҰБТ 24-29 наурыз аралығында өткізіледі. Ол үшін мектеп бітіруші түлектер ата-аналарымен бірге 1-15 ақпан аралығында тестілеу пунтеріне қатысу туралы өтінішін беру қажет.