» » Қызылордалық молдалар оқу семинарына қатысты

Қызылордалық молдалар оқу семинарына қатысты

  ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен аймақтағы молдаларға арналған семинар өтті.
    «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен жиында өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы  семинардың мақсаты мен маңызын түсіндірді.
     - «Дүмше молда дін бұзар» - демекші, мұсылман адам үшін, оның ішінде имам-молдалар үшін дінді насихаттау алдымен өзінен, өзінің көркем мінезін қалыптастырып, сауаттылығын арттырудан басталады»,- деді ол.    Білім жетілдіру семинарында облыстық мешіт қарилары наиб имам Ш.Садуов және ұстаз М.Абжалелов «Құран тәжуид» бойынша қатысушылардың құран оқудағы қателіктерімен жұмыс жасаса, қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы М.Үркімбаев «Ақида», «Сұлтан» мешітінің Бас имамы Қ.Отызбаев «Ахлақ» пәндері, Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің Бас имамы Б.Сүлейменов «Жаназа және жерлеу рәсімдері» бойынша дәріс өткізді.
       Семинар соңында өкіл имам қатысушыларға алғыс білдіріп, 72 молдаға сертификат табыстады.
22 қаңтар 2019 ж. 702 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031