Байқоңырда жаңа имам
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 15.03.2018 ж. №445 бұйрығымен Акбаев Алишер Сабитович Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы қызметінен босатылып, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті «Жәрімбет ата» мешітіне бас имам болып тағайындалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы жұма намазында мешіт ұжымы мен жамағатқа жаңа имамды таныстырып, жауапты қызметте табыс тіледі.
«Акбаев Алишер – білімді де білікті азамат. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы қызметін абыроймен атқарып келді. Облыстағы жат ағым жетегінде кеткендерді Ханафи мазхабына қайтару мақсатында аянбай қызмет етті. Білімі мен біліктілігін және өзіндік тәжірибесін қолдана отырып, жаңа қызметін жауапкершілікпен атқаратынына сенемін. Өңіріміздің діни ахуалын тұрақты сақтап, көркейту жолында атқарар қызметіне сәттілік тілеймін», - деді Болатбек қажы Ұласқанұлы.
Болатбек қажы Ұласқанұлы осы уақытқа дейін Қармақшы ауданы, Төретам кенті, «Жәрімбет ата» мешітінде бас имам қызметін абыроймен атқарған Құрманбаев Дастанға алғыс білдіріп, жаңа қызметінде береке тіледі.
Акбаев Алишер Сабитович – 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2004-2008 жж. кәсіптік орта Астана қаласы, «Транспорт және коммуникациялар» колледжі;
Мамандығы: Техник-механик;
2011-2015 жж. жоғары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті;
Мамандығы: Исламтанушы;
2017 ж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының екі айлық курсында білімін жетілдірген.
Еңбек жолын 2015-2018 жж. Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітініде найб имамдық қызметтен бастады. Осы аралықта облыстағы жат ағым жетегінде кеткендерді қайтару бағытында түзету мекемелеріндегі жат ағым өкілдерімен және жеке тұлғалармен кездесулер өткізіп, тығыз жұмыс жасаған.
2018 жылдың 15 наурызынан бастап Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті «Жәрімбет ата» мешітіне бас имам болып тағайындалды. Үйленген.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
мешітінің баспасөз қызметі