» » Болашағымды бағдарлаған бастама

Болашағымды бағдарлаған бастама

Бүгін еліміздің бас шаһарында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты болып өтті. Форумдағы түрлі салалар бойынша табысты жастардың жалынды сөздері мені жігерлендіріп, болашаққа деген сенімімді арттырды.
 Жастар форумындағы жастар тарапынан маған ұнаған жағымды ұсыныс  -  ұлттық тіліміз бен әдебиетімізге қатысты жас ақын-жазушылар атынан сөз алған Мерей Қарттың жас қаламгерлерге арналған әдебиет академиясын ашу туралы пікірі. Бұл ұсыныс іске асқан жағдайда жалынды, жырсүйер жастардың мәдениетке деген ынтасы артып, жаһандық әлемдік әдебиетке өз үлестерін қосары анық.
Сонымен қатар білім беру жүйесінде өзіндік идеяларын, ұтымды жобаларын ұсынып  жүрген Рауан Кенжеханұлының да пікірлері көкейде жүрген ойларымды дөп басқандай. Оның жобалары «Kitap.kz», «Bilim land» бағдарламаларымен колледж оқытушылары мен студенттері етене таныс, әрбір сабақ барысында үнемі қолданудамыз.
 «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет білдіру секілді адамгершілік қасиеттерді дамыту біздің ата-бабамыздан қалған асыл салтымызда бар» - деген Елбасы пікірін тыңдап тұрғанымда,  колледж студенттері атынан   қарттар, балалар үйінде үнемі ұйымдастырып жүретін қамқорлық акцияларымыздың сауапты іс екенін түсіндім. Өзім білім алатын киелі шаңырағымдағы игі дәстүрлерді әрі қарай жалғастырушы бір буын екенімізді таныдым.
 Мені болашақ маман ретінде Елбасының «Дипломмен ауылға» жобасының жалғасын табатыны  қуантты. Бұл қаншама жастардың болашағының баянды боларының бірден – бір кепілі. Колледжді тәмамадаған соң жоғары оқу орнында оқуымды жалғастырғым да келеді және ол арманымның орындалатынына да күмәнім жоқ. Өйткені, Елбасы жоғары оқу орындарына бөлінетін грант санын тағы да көбейтпек.
Жастармен кездесу соңында Елбасымыз: «Сендердің күш-қуат, қайраттарыңды Тәуелсіз Қазақстанның болашағына жұмсайтындарыңа сенемін» - деп  жастарға жауапкершілік жүгін артты. Ендігі міндет сол сенім үдесінен шыға білу, жастар жылында жалынды істерімізбен көріну деп білемін.
Айзат АРАЛБАЕВА, 
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімінің 3-курс студенті.
24 қаңтар 2019 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031