» » Жастар жылының жасампаз бастауы

Жастар жылының жасампаз бастауы

   Астанада  өтіп жатқан «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанатын М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұстаздары мен студенттері тікелей эфир арқылы тамашалады.
Жастар жылының бағыт – бағдарын айқындайтын, олардың дамуына жан - жақты ықпал жасап, қолдау танытатын ауқымды жиында еліміздің табысты жастары Елбасының, елдің алдында өз жетістіктерін паш етіп, заманауи бастамаларын, жобаларын таныстырып, ұсыныс-тілектерін білдірді. Әр саланың үздіктері, жалынды жастардың жасампаз тірліктерімен танысқан колледж жастарының бойында ертеңгі күнге, болашаққа деген нық сенім қалыптасқандай.
Әсіресе, жастар форумындағы Елбасының: «Біздің негізгі жетістігіміз – жаңа буын қазақстандықтарды тәрбиелеп шығардық. Бұл – менің еңбегімнің ең үлкен нәтижесі. Қазақстанның болашағы сіздердің әрқайсысыңыздың елге деген патриоттық қадамдарыңыздан басталады» деген сөздерінің жастарға мақтаныш сезімін ұялатып, жаңа белестерге жетелері сөзсіз.
Сонымен қатар Елбасы ұсынған жастарды баспанамен қамту, жұмысқа орналасуы,барлық аймақта  "Жас кәсіпкер" бағдарламасын ашу, жас ғалымдарды қолдауға бөлінетін грантты 2 есе көбейту, 60 мыңға жуық соңғы курс студенттерін бизнеске баулу жобалары көңіл қуантады.
Колледж студент жастары әсіресе, «Дипломмен – ауылға» жобасының жаңа қарқынмен жалғасатынына, жатақхананың көбеетініне, еріктілер қозғалысына белсенді қатысатын студенттердің стипендиясының 30 пайызға дейін артатынына, өнерлі жастарды қолдау бастамаларына, «Жас маман»сынды жобаларға өте қуанышты.
Елбасы осы айтылғандардың бәрінің «Жастар – ел тірегі» атты ауқымды жобада көрініс табатынын, оған 1 млн. адам тартылатынын баса айтты. «Жасыл қала» жобасы мен «Жас сарбаз» қозғалысы аясында әскери – патриоттық тәрбие беруді 2025 жылға дейін жалғастыру, жастар туризмін дамыту да Елбасы назарынан тыс қалмаған жастар үшін игілікті шаралар болды.
Бағамдап қарар болсақ, мемлекет жастарға қандай қамқорлық, мүмкіндіктер жасаса, ендігі кезекте жастардың да ел, Елбасы сенімін ақтап, бой емес, ой жарыстырып, ел дамуына барынша үлес қосатын нағыз оңтайлы тұстары.
Олай болса, ғасырға жуық тарихы бар киелі білім шаңырағының студенттері жастар форумында айтылған барлық креативті ойларды жадыларында сақтап, өз қарымдарын танытып, заманға сай озық білім, өнегелі тәрбиелерімен жауап береді деген сенімдеміз.
23 қаңтар 2019 ж. 1 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031