» » "ҚАЙСАР": ЕУРОПА ЛИГАСЫНА УАҚЫТ КЕЛДІ

"ҚАЙСАР": ЕУРОПА ЛИГАСЫНА УАҚЫТ КЕЛДІ

   Армения құрамасының белді ойыншысы Тигран Барсагян жақында "Қайсардың" құрамын толықтырды. Чемпиондар және Еуропа лигасы секілді алпауыт аламанда қолтаңбасы бар аяқдопшы қызылордалық клубпен келісімге келгенде жанкүйерлердің қуанғаны белгілі.
26 жастағы шабуылшының құтты қадамы команда үшін серпіліс болары анық. Су жаңа ойыншымыз БАҚ өкілдеріне алғашқы сұқбатын да беріп үлгерді.
– Тигран, қасқырларға қош келдіңіз!
– Рақмет!
– Байқауымызша, македониялық "Вардармен" келісім шартыңыз әлі де тоқтамаған секілді. Жалпы "Қайсарға" қалай келдіңіз?
– Иә, дұрыс айтасыз. "Вардарда" кемінде жарты жыл доп тебуім керек еді. Дегенмен өзге біріншілікте ойнағым келді. Мен үшін Македонияда өнер көрсетуіме 3 жыл жеткілікті болды. Ал "Қайсарға" келуімнің себебі – мұнда ең жақсы бапкерлер жұмыс істейді. Бір-бірімізді жақсы білеміз. Алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысып, сауатты команда екенін ұқтым.  Командада достық қарым-қатынас жақсы қалыптасқан. Бұл маған ұнайды.
– "Қайсардың" бас бапкері Стойчо Младеновпен бірге жұмыс істемегеніңіз белгілі. Әйтсе де, жоғары да бір-бірімізді жақсы білеміз деп қалдыңыз. Мұның сыры неде?
– Стойчо мырзамен жеке қарым-қатынас орнатқан емеспіз. Футбол мансабында да жолымыз түйіспеген. Ол туралы жақын досым Хуан Филипе айтқан. Қателеспесем, екеуі Болгарияда "ЦСКА" Софияда бірге жұмыс атқарған. Филипенің айтуынша, өте жақсы бапкер. Мұны жаттығу жұмыстары аясында да аңғардым. Мұнан бөлек, Болгариядағы достарымның пікірімен де санастым. Сондықтан "Қайсарды" таңдадым.
– "Вардар" келісімді бұзғаны үшін сізден ақша талап етпеді ме? Не себепті алаңдағы мықты ойыншысын жоғалтты?
– Әрине, заңдылығына сүйенсек, келісім шартты бұзу жөнсіз және айыппұл төленуі тиіс. Мұндай нәрседен аулақ болдым. Өйткені клуб басшысымен сыйластығымыз жақсы болатын. Сондықтан бұл тұста ешқандай кедергі болмады. Мансапта өзгеріс керек. Оның үстіне Қазақстандағы біріншіліктің жақсы қалыптасқанын байқап жүрмін.
– Ескі клубтан естен кетпейтін естелігіңіз бар шығар...
– "Вардардың" жарқыраған тұсы 2017 жыл. Сол кезде Еуропаны кішігірім шулаттық десек артық айтпағаным (күліп). Атақты
"Фенербахчені" Еуропа лигасының төртінші іріктеу кезеңінде жарыс жолынан тайдырып, топтық титулдың жолдамасын жеңіп алдық. Жанкүйерлердің пайымдауынша, сол кезде үздік болыппын. Міне, "Вардардың" сол жетістігі әлі де ел аузында. Македониядағы нағыз естелік осы. Мұндай жетістік "Қайсарда" да толастамайды деп ойлаймын.
– Бұл сәтті агенттер құр жібермеген болар...
– Агенттердің жұмысы бәріне мәлім ғой. Алаңда жарқыраған тұсыңды тасада қалдырмайды. Күні кешеге дейін кәрі құрлықтың кәрітеміс клубтарынан ұсыныстар толастамады. Қызылордада доп тебу бұйырып тұрған шығар.
– Жыл сайын "Вардармен" Еуро бәсекелерде доп теуіп жүрсіз. Биыл алпауыт аламаннан тыс қалдым деген өкініш жоқ шығар...
– Ондай өкініш жоқ әрине. Премьер лигада жақсы нәтижеге қол жеткізсек, "Қайсар" да келер жылы Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Тарихы терең клубтың әлемдік аренаға шығар уақыты жақындады. Оның үстіне биылғы меже – қалайда биік бәсекенің жолдамасын жеңіп алу. Ұжыммен бірлесіп жұмыс атқарсақ, діттеген мақсатқа қол жеткізеріміз анық.
 – Жаңа клубпен келісім шарт қай уақытқа дейін?
–  Маусымның соңына дейін. Егер ойын мәнерім көңілден шығып жатса, келісім одан әрі жалғасады деп ойлаймын.
– Қызылордалық жанкүйерлерге айтарыңыз бар ма?
– Ең бастысы, командаға сеніңіздер. Біз сіздер үшін барлығын жасаймыз. Сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды.
31 қаңтар 2019 ж. 606 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930