» » «Қазақ аруы» сұлулық байқауына кастинг жарияланды

«Қазақ аруы» сұлулық байқауына кастинг жарияланды

  «Қазақ аруы-2019» сұлулық байқауына кастинг жарияланды. Бұл туралы танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақ аруы» байқауының кастингі 2-3 ақпан күндері Алматы қаласы, «Самал» ықшамауданы, Қажымұқан көшесі, 49, «ZMOOD» мейрамxанасында, ал 8 ақпан күні Астана қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесі 8, «The one hotel Astana» қонақ үйінде өткізіледі. Уақыты - 12:00-ден 18:00-ге дейін.
Сонымен қатар, Баян Алагөзова бұл байқаудың басты талаптарымен таныстырды.
«Қазақ тілін жетік меңгеру, көрікті әрі келбетті, ақылды әрі дарынды болу, 16-22 жас аралығы, бойы 170 см-ден жоғары, салмақ 53 кг-нан төмен. Егер осы сипаттамаға сай болсаңыз, іске сәт! Байқау ұйымдастырушылары мен алтын тәж сізді күтуде» - делінген актрисаның парақшасында.
Сонымен қатар, бұл байқауда қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен салт-дәстүрі туралы да хабардар болу қажет. Бұл сұлулық байқауы болғандықтан, қатысушылар білімімен қатар сұлулығын да көрсете алуы керек.
Айта кету керек, «Қазақ аруы» Қазақстанда осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылады. Өткен жылы 20 жастағы ақтаулық ару Нәбира Рахымжан «Қазақ аруы» атанған болатын.
01 ақпан 2019 ж. 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031