» » Жұлдыздар сіз туралы не дейді?

Жұлдыздар сіз туралы не дейді?

 7 – 14 ақпан
Тоқты
Тоқтылар өткен сәтсіздіктерді естен шығарып, аяғынан нық басып, ілгері жылжиды. Өзгеріске толы ерекше кезең күтіп тұр. Көбінің жеке өмірінде үлкен өзгерістер орын алмақ. Мақсаты мен жоспары айналадағы адамдарға тәуелді болады. Еңбегі нәтиже бере бастайды. Іскерлігіне қатысты түрлі қызметке шақыруы мүмкін. Ал творчестволық тоқтылар өздерін жаңа қырынан танытып, үлкен белестерге шығады. Жанындағылар жетістігіңді байқайды. Қаржылық табысқа кенеледі. Жеке өмірдегі бақыт та алыс емес.
Торпақ
Торпақтар болашаққа мән беріп қарайды. Өзіне ұнайтын және лайықты жұмысқа қатысты идеяларына сәйкес келетін жаңа жұмысқа шығуың бек мүмкін. Бұл аптада білім деңгейін арттыру немесе жаңа нәрсені үйрену мүмкіндігіне ие болады. Ұзақ уақытқа созылған күрделі қаржылық мәселе де шешемін табады. Өміріне тұрақты жаңа дос енеді. Таныс ортадан гөрі саяхатта, әсіресе алыс жерлерде өзін табысты және бақытты сезінеді. Тың идея мен жаңа бастамаларға ден қоюы мүмкін.
Егіз
Егіздер отбасына һәм салт-дәстүрге құрметпен қарайды. Бұл апта – ой кезеңі. Өз мақсаттары мен міндеттерін нақты түсініп, алға сеніммен қадам басады. Жеке өмірінде қарым-қатынас тұрақсыздығы мен алаңдаушылық сезімі болуы ықтимал. Қызғаныш сезімі жүрегін жаралап, парасат, ақылмен ойлау қабілетіне орын қалдырмауы мүмкін. Бастысы, өзі дұрыс деп тапқан бағыттан айнымаса болғаны.
Шаян
Шаян үш адамның қатысуымен махаббат кикілжіңінде болады. Қуантатыны, тәжірибе жинап, тұжырым жасайды. Кейде басқа адамдарға кінәрат артып, жиі ескерту жасап, сүйкімі кетеді. Кәсіби қызмет жағы іс жүзінде өзгермейді. Бірақ өзге жақтан бірге қызмет істеу туралы ұсыныс түсуі мүмкін. Ұжымды немесе кәсіпорын басқаратын Шаяндар ықпал ету шекарасын одан әрі кеңейте түседі. Өзіне дос әрі көмекші бола алатын адаммен жақындасады.
Арыстан
Бұл аптада арыстанның ойы да, эмоциясы да позитивті бағытта болмақ. Достарының көбі оны қуантуға тырысып, тосын сыйлар жасауы мүмкін. Кезіндегі басқа адамдардың көмегімен басталған нәрсені аяқтауға мүмкіндік алады. Бірге қызмет істеуге күтпеген ұсыныс түсуі ықтимал. Әлеуметтік мәртебесі өзгеріп. әке, ана атануы мүмкін. Бастысы, ол үшін таңғажайып жаңару болмақ. Ал махаббат пен ақша үнемі қызығушылық танытатын дүние болып қала береді.
Бикеш
Бұл аптада басты назарда – құндылықтар. Қызылдды-жасылды дүниеге әсер ететін көріністер қызықтыратын болады. Көп нәрсе ерік-жігері мен өзін ұстау қабілетіңе байланысты екенін түсініп, бәріне ойланып, жауапкершілікпен қарайды. Ұнататын адамына қамқор болып, қуанышқа бөленеді. Жақындарының жетістігі бір адамдай қуанып, мақтан тұтатын болады. Кәсіби күш-жігерін «сыйлық» және «қайырымдылық» сияқты терминді пайдаланбай, ақша жинауға ұмтылады. Мүдделері сәл өзгереді, ал ең жақсы көңіл-күй бұрын айналыспаған істермен байланысты болады. Өмір салты бойынша елеулі өзгеріс бар. Туыстары көбейеді.
Таразы
Таразы қажетті өзгерістерге дайын. Оның үстіне бұл аптада сенім артпаған адамдардан қолдау табады. Өміріндегі оқиғалардың басты мәні кәсіби тақырыптың айналасында болады. Өз деңгейін түсінеді. Бірақ басқа адамдардың бағалауына қарамастан, іскерлік дағдысын жетілдіріп, жаңа тәжірибеге ие болады. Қандай жағдайда да оның пікірі өзге пікірден гөрі жоғары және құнды болады. Жұмыс орнындағы кадр саясаты мәселесі оны да айналып өтпейді. Жеке және іскерлік құпия сипатта кездесулер күтіп тұр. Қаржы жағы бірте-бірте жақсарады. Саяхатқа көп уақыт жұмсалады, көбінесе жұмысқа байланысты болады.
Сарышаян
Сарышаяндар бұл жолы барлық жағынан тәуелсіз болады, яғни бар мәселені тек өзі ғана шешетін болады. Әр мәселе оның мақсаттарының төңірегінде болмақ. Көп нәрсе бұрын жасаған істеріне байланысты. Бұрынғы күш-жігер бүгінгі оқиғаларға әсер етеді. Өмірдің материалдық жағы басым болады. Кейде бәрін ақшамен бағалауға тура келеді. Әр сапарың сәтті әрі көңілді өтеді. Өмір салты мен әдеті жаңа өзгерістер алып келеді. Ал жеке өмірінде күрт өзгеріс күтіп тұр.
Мерген
Оның үлкен әлеміне жақындары зор қуаныш әкеледі. Сонымен қатар үнемі қоршаған орта үшін жауапкершілікті сезінеді. Жұмысында үлкен өзгеріс күтіп тұр. Кәсіби қарым-қатынаста бастама көтеруі мүмкін. Өзін қызықтыратын жаңа бастамаларға ден қояды. Біртіндеп ескі байланыс шеңберінен шығады. Қатынасы шиеленіскен адамдармен қайта татуласады. Осы аптада тағдыры оған күрделі мәселелерді шешудің жаңа жолын ұсынады.
Тауешкі
Апта жоспарды іске асыруға қолайлы болмақ. Қызметі өсіп, іскерлік позиция жақсарады. Ішкі дүниесінде өмірден күткен барлық қажетті өзгерістер орын алады. Идеялары көздеген мүддесі ұштасады. Тіпті ұнататын, ұнатпайтын дүниелері де өзгеруі ықтимал. Бұның бәрі іс жүзінде іске асады. Демалыстар көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық шабыт әкеледі. Ал алыс сапарлар танымдық бағытта болады деп күтілуде.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар оптимист достарынан біршама кеңес алып, аптаны бұрын болмаған жаңаша қарқынмен өткізеді. Көздеген мақсатына бір табан жақындап, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Біліктілігін көтеру мүмкіндігі осы аптада іске асады. Түрлі өнер мен тіл үйренуге қызығушылық пайда болады. Апта соңы іскерлік қатынеастар орнатуға қолайлы. Жалпы бұл белгідегілер үшін сәтті күндер әдеттегіден көбірек болады.
Балық
Балықты үлкен сапарлар күтіп тұр. Жаңа біліммен сусындап, тәжірибе жинақтап, маңызды ақпаратқа қол жеткізуі мүмкін. Жұмысына бірнеше мақсат қойып, соған жетудің жолдарын қарастырады. Өзімен мүдделес, пікірлес адамдардың қолдауын сезінеді. Ал сезімге берілу – өмірінің жаңа парағын ашуы мүмкін. Әрбір жағдайда, әр ортада өз адамы оған қолдау білдіретін болады. Әлеуметтік мәртебесі өзгереді. Жастар – балалы, ересектер – немерелі болады. Саяхат үнемі қысқа мерзімде өтеді.

07 ақпан 2019 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031