Жұлдыз-жорамалыңыз бүгін не дейді?
(31 қаңтар – 7 ақпан)
Аптада маңызды оқиға орын алуы мүмкін. Сәтсізіктен сақ болу қажет. Барлық істе шыдамдылық танытып, болған жайтқа бейімделу тек өзіңізге байланысты. Бұл белгідегінің көбі осы аптада өмірін қиындатқан алдамшы армандардан арылады. Көп нәрсе өзгереді. Сондықтан бір сәтке де босаңсуға болмайды. Табиғатынан шығармашылыққа бейім тоқтылар үшін табысты апта болғалы тұр. Ал қаржы мәселесінде ешқандай келеңсіздіктер болмайды.
Торпақ
Табысты апта болмақ. Бұрын қолдан келмеген істерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Әсіресе шығармашылық бағытта. Ойға алған мақсаттар орындалып, қиындықтар реттеледі. Бірақ сәттіліктен гөрі маңдай термен табыс табу мүмкіндігі көп. Шығармашылық қабілеті бар торпақтар өнер саласында алға жылжып, мақтауға ие болады. Дегенмен кездейсоқ жайттарға да дайын болыңыз. Кикілжің туындаса, асығыстық танытпауға тырысыңыз. Сезім мен ашуға бой алдырмай, ақылға салыңыз. Сөзіңіз бен істеріңізге бақылау жасау жеңіске жетелейді.
Егіз
Апта ортасы сауда жасауға қолайлы. Қаржылық мәселе шешілсе, көптен бері ойда жүрген жұмыс орындалғалы тұр. Ең бастысы өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Кейбір егіздер өмірін өзгертетін сәт келгенін түсінеді. Өйткені олардың мақсаты мен бағыты өзгеруі мүмкін. Осы уақытқа дейін көп күш жұмсаған істі аяқтайсыз. Соның арқасында жақын жандар тарапынан қолдауға ие боласыз. Сенбі күні ескі достарыңызды кезіктіріп, көңілді кештің қонағына айналуыңыз бек мүмкін. Мұзда сырғанау, жүгіру сияқты спорт түрлері денсаулығыңыздың жақсаруына айрықша әсер етеді.
Шаян
Өте сабырлысыз. «Жеті рет өлшеп, бір рет кесу» нағыз сізге тән қасиет. Алайда бүгінгідей заманда «асықпаған арбамен қоянға жететініне» сенім аз. Белсенділікті арттырған абзал. Кез келген істі алып кететін тиянақтылығыңыз биік белесті бағындыруға жетелейді. Қаржылық тұрғыдағы мәселеңіз шешіледі. Аптаның екінші жартысында кейбір жандарға қатысты ойыңыз өзгеріп, біреудің өмірін жақсартуға үлес қосуыңыз мүмкін.
Арыстан
Отбасына көңіл бөлуді азайттыңыз. Жұбайыңыз бен балаңызға тосын сый тарту етсеңіз, бұл олқылықтың орнын толтырған болар едіңіз. Жұма – әріптестік кездесу ұйымдастыруға ыңғайлы күн. Соңғы уақытта бас қатырған мәселенің шешімін табуыңыз мүмкін. Күн сайын жақсы жаңалық естіп, жиі қуанатын боласыз. Қайбір мәселеде болмасын, шыңға шығуды мақсат тұтатын арыстандар үшін апта нәтижелі болмақ.
Бикеш
Бұл аптада біршама қарыздардан құтыласыз. Табыстың кілті сіздің қолыңызда. Сүйіктіңізбен ара қатынасыңызды қолға алмасаңыз, бәрі кері кетуі ғажап емес. Жақындарыңызбен шағын саяхатқа шығуға дайындалыңыз. Аптаның аяғында қызықты идеялар пайда болады. Еңбексүйгіш, жауапты бикештер жаңа бастаға ден қойып, табыс табуға ұмтылады.
Таразы
Бұл – көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүретін апта болады. Күтпеген кездесулер орын алады. Іскерлік қарым-қатынастағы шаруаларыңыз оңтайланбақ. Екі қоянды бір оқпен атып алмақ болып барлық істі жалғыз бітіруге тырысасыз. Алайда өзгелердің көмегіне жүгіну – жұмысты жеңілдететінін ұмытпаған жөн. Ішкі қарама-қайшылықты ақылға салып шешіңіз. Аптаның жарқын тұстарын қызықты өткізсеңіз, көмескі тұстары сізге кері әсер етпейді.
Сарышаян
Аптада біршама армандарыңыз орындалады. Өзіңізді бақытты сезініп жүресіз. Бұрын қолға алуға қаймыққан істерді қайта жандандырасыз. Бас тартуға келмейтін ұсыныстар түсуі мүмкін. Ауыз толтырып айтатындай мол пайдаға кенелесіз. Қаржылық мәселеде жылдам шешіледі. Кейбір сарышаяндарға жаңа міндет жүктелмек. Дегенмен алаңдауға негіз жоқ. Қабілетіңізді көрсететін орайлы уақыт туып тұр. Жаңа таныстық үшін де ыңғайлы апта.
Мерген
Бұл аптада орын алатын мәселенің барлығы қарым-қатынасыңызға байланысты болады. Апта аяғында табысқа қол жеткізуге мол мүмкіндік туады. Осы тұста кедергіні жеңуге жәрдемдесетін адамдар да пайда болады. Барлық уайым артта қалмақ. Бастысы отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытпаған абзал. Ал тәуекелшіл мергендер кішігірім белестерді бағындырып, айналасына қуаныш сыйлайтын болады.
Тауешкі
Бұл апатда сәтті қадамдар жасалады. Таңғаларлық оқиға, күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Соның әсерінен көптеген адамға басқа көзқараспен қарай бастайсыз. Сіз үшін алда ой еңбегіне көп арқа сүйейтін күндер келе жатыр. Себебі махаббат мәселесінде екі ұдайлы пікір туындап, таңдау жасауға мәжбүр боласыз. Ал әсерге берілгіш тауешкілер өміріне түрлі өзгеріс енгізіп, өздерін бақытты сезінетін болады.
Суқұйғыш
Сіз үшін бұл позитивті апта болады. Бірақ келеңсіз сәттер де жоқ емес. Ұнжырғаңыз түспесін. Күтпеген қиындықты тез әрі оңай шешесіз. Бастысы өзіңіз дұрыс деп тапқан жолдан айнымаңыз. Көптеген адамға жақсы әсер қалдырып, олардың өміріне өзгеріс әкелуіңіз бек мүмкін.
Балықтар
Апта біршама қызықты идеяға толы болады. Оны тезірек жүзеге асыруға тырысыңыз. Ұсақ-түйек мәселе сізге түсетін мол табыстың есебінен шешіледі. Үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбектену қажет. Ал бұл апта іскерлік байланысты нығайтуға қолайлы. Көп адам сізбен кездескісі келеді. Тек орайын таппай жүр. Отбасы, жұмыс, өзге де қарым-қатынаста жан-жақтағы жандарға жиі көңіл бөліңіз. Бұның барлығы сізді олармен одан әрі жақындастыра түспек.