GREEN PLASTIC

      Қала тазалығының басты орында екені айтпасақ та белгілі. Бұрын әр-жерде шашылып жатқан қоқысты жиі кездестіретінбіз. Бұл мәселеде "Қызылорда тазалығы" мекемесінің қызметкері өз ісіне мұқият. Оның үстіне өздігінше жоба ойлап, көше тазалығына үлес қосып жүрген жастар да табылды. Ол "Green Plastic" жобасының үйлестірушісі – Бақытжан Ыбрашев.
 
Мақсаты
  "Green Plastic" – жобаның атауы. Мақсатымыз – айналамызды пластикалық қоқыстардан тазарту. Жобаны студент кезден ойластырғанмын. Қоқыстан қандай да бір зат шығарып, қаланы тазартуды армандайтынмын. Сондай-ақ бұл істі бизнеске айналдыруды жоспарлап жүрдім. Бүгінгі таңда жоба арқылы идеяны жүзеге асырдым. Нәтижесі көңіл көншітерлік. Қоқыстан тазару бұл – бүкіләлемдік мәселе. Оның ішінде пластикалық түрі. Дәл осындай жобамен алматылық әріптестерім айналысады. Сұрастырып мән-жайға қанық болдық. Бірлесе жұмысты іске асырдық. Сондай-ақ олардың бағыт-бағдары бойынша жұмыс істедік. Жақында пластикалық кафельдерді көрмеге қойдық. Осылайша пластикалық қоқыстан қандай да бір зат алып шығуға болатынын дәлелдедік.
Біздің жоспар
Шиелі аудандық әкімімен келісім жүргізілуде. Келісімшартта көзделгені – ауданда пластикалық қоқыс тастайтын жәшік санын көбейту. Бұл бізге ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ қала тазалығына да септігін тигізеді.
Біздің басты мәселе
Үлкен көлемдегі пластикалық қоқыстарды майдалау үлкен қиындық тудырып тұр. Егер қандай да бір қаражат бөлінсе, көптен ойлап жүрген жоспарды іске асырамыз және халықпен бөлісеміз.
Жастар жылынан не күтесіз?
«Жастар жылы» деп еншілеп, үкі таққаннан кейін жыл жастар қауымы үшін жақсылыққа толы болады деп ойлаймын. Соның ішінде жастардың баспаналы болуына мүмкіндік көбейсе, тұрмыс сапасы артуының нақты көрінісі болар еді. Сондай-ақ тасада қалып қойып жатқан талантты ауыл жастарын, өнерпаздарды, өнертапқыштарды тауып, оларға қолдау көрсету, серпін беру, жеңілдетілген шағын несиелер алуына жағдай жасау – кезек күттірмейтін мәселелер. Жалпы жастар жылынан үміт көп. Бастысы, жастар өздеріне берілген мүмкіндікті жіберіп алмаса деймін.
Мөлдір САБЫРЖАН
15 ақпан 2019 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031