» » Коллекционерлер

Коллекционерлер

  Жасырын емес, танымал коллекционер атану үшін ең басты қажеттілік – қаржының молдығы. Бай атаулы әлемде көп болғандықтан, сіздің "атақты коллекционер" дәрежесіне жетуіңіз қиындай түседі. Ал Ferrari  немесе Bugatti-дің ескі нұсқасының иегері болсаңыз, онда сөз басқа. Себебі рок-н-ролл мен кино таспаларына қарағанда, ол мүліктің құны "орта деңгейлі" қалталыларға да арман болуы ықтимал. Сонымен көп созбақтамай, танымал коллекционерлердің шеруін бастайық...
РАЛЬФ ЛОРЕН
Ральф Белоруссиядан қоныс аударған кедей эмигрант отбасында дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасымен қонаққа барса, қатарластарының киім-кешек, керек жарағының көптігін көріп, өзінің де жағдайы жақсарғанын іштей тілеуші еді. Сол үшін Ральф алдыға өмірлік мақсат қойып, қалай да табысты жанның қатарына жететін амал табуға талаптанады. Ол алғашқы жиған таысын өз құрдастары секілді комикс немесе тәтті алуға емес, киім алуға жұмсады. Ральф алғашқы жеке кәсібін 26 жасында галстук шығарудан бастап, кәсіби өрлеуге бет алды. Қазіргі таңда Ральф АҚШ-тағы ең табысты азаматтар тізімінде 57-інші орынға тұрақтаған. Оның байлығы 7 млрд. долларды құрап, қалаған қалаға саяхаттап, кез келген көлікті мінуге мүмкіндігі бар еді. Алайда Ральф көрінген  дүниенің соңынан қумады. Оның мақсаты әлемдегі ең әдемі көліктерді жинау еді. 2005 жылы Бостонда және 2011 жылы Парижде Ральфтің коллекциясындағы көліктердің бір парасы музейде көрермен назарына ұсынылды. Бүгінде коллекционердің еншісінде ең атақты Bugatti Type 57 Atlantic бар. Аталмыш көлік әлемдегі алғашқы суперкар саналады.
ДЖЕЙ КЕЙ
Көп уақыт есірткімен әуестенген және темір торда отырған Джей Кей өзінің өмір жолында жаңа қадамдар жасау керегін ұғынған санаулы табысты адамдар қатарында. Алайда өмір жолындағы сәтсіздіктер әсерінен табысты тірлік жасай алмаған Джей Кей көп ойланады. Ақырында ағылшындықтардың қанында бар музыкаға деген әуестігі арқылы табысқа жету жолын дөп басады. 4 жыл ішінде Джей ауқатты адамға айналды. Оның есірткіге деген әуестігі көлікке ауып, бар ынтаны осы бағытқа бұрды. Бүгінгі күні оның коллекциясында 60-қа жуық көлік жиналған. Оның ішінде жоғарыда аталған Bugatti Atlantic секілді атақтылары жоқ болғанменен, Ferrari Enzo және Ferrari – LaFerrari секілді “қымбат байлықтар” бар. Алғашқыда Джей Ferrari-ден өзге Lamborghini де жинаған. Қазір Porsche маркасының ең кішкене үлгісін жинауда. Арасында қара түсті 356 Speedster, 911 Carrera RS, 911 GT3 RS және Porsche Carrera RS (1973) бар.
ШЕЙХ ХАМАД ӘЛ НАХИЯ
Көліксүйер атақтылар тізімінде Біріккен Араб Әмірліктерін басқарушы әулет мүшесі ШЕЙХ ХАМАД та кездеседі. Алғашқыда әскери қызмет жасаған Хамадтың өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап көлікке аңсары ауған. Оны біз жай коллекционерлер қатарына жатқыза алмаймыз. Себебі, шейх Хамадтың еншісіндегі мыңға тарта көліктің 400-ге жуығын өзі жинаған. Ол пикаптың Dodge Power Wagon үлгісін қайта жасақтап, түпнұсқадан 8 есе үлкейту арқылы көлікті шағын қонақ үйге айналдырған. Ең қызығы, “қонақ үй” қозғала алады! Кейін Хамад Jeep Willys-ті де қайта құрау арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Тіпті 1983 жылы Mercedes компаниясы шейхтің тапсырысын орындау үшін S класс моделін жасауды уақытша тоқтатқан. Шейх Хамад компаниядан 7 Mercedes-Benz 500 SEL жасауын және ол көліктердің іші-сыртын кемпірқосақ түстерінің бірімен бояуды қалаған. Көліктің богажник бөлігіне M16 қаруын орналастыруға арналған құрылғы дайындап, оны да бояған.
БРУНЕЯ СҰЛТАНЫ ХАССАНАЛ БОЛКИАХ
Сұлтан – ең атақты коллекционерлер қатарында. Көліктердің саны мен сапасы жағынан қатарластарынан оқ бойы оза шыққан Сұлтан көлігінің санына жету үшін 30 жыл бойы аптасына екі көліктен алып отыру да аздық етеді. Оның көлік санының көптігі сонша, нақтысын ешкім де білмейді. Шамамен 4-7 мың көлік деген болжам ғана бар. Сұлтанның иелігінде 604 Rolls Royce, 574 Mercedes-Benz, 452 Ferrari, 382 Bentley, 209 BMW, 179 Jaguar, 134 Koenigsegg, 21 Lamborghini, 11 Aston Martin бар. Сонымен қатар, Сұлтанның көлік тұрағынан Porsche Carrera GT, Lamborghini Diablo Jota, Porsche 959, Bugatti EB110, Bugatti Veyron, Lamborghini Murcielago LP640, Maybach 62, Jaguar XJR-15, 6 үлгідегі Ferrari FX, Bentley Continental R, Porsche Carma, Koenigsegg Agera CC GT, Ferrari Mythos, Ferrari 456 GT, Mercedes-Benz CLK-GTR, 5 McLaren F1, Aston Martin One-77, Aston Martin DB4 GT Zagato, Cicero BDB Maestro, Bentley Java и Bentley Dominator 4×4, Aston Martin AM3, Mercedes-Benz 300SL орын алған.
ДЖЕЙ ЛЕНО
Соңғы тізімдегі азамат – Джей Лено. Оның коллекциясы Сұлтанның көлігіндей көп емес әрі атағы да аз. Лено көбіне арнайы шоу бағдарламалар түсіріп, өзінің көлік тұрағын көрсетеді. Оның қорындағы 286 коллекция (169 көлік пен 117 мотоцикл) америкалық көлік технологиясының жетістіктері саналады. Мәселен, бу қозғалтқышты, газ турбиналық көлік немесе хрусталь көлік пен танк қозғалтқышы ең басты ерекшелік саналады.
Аударған Ақтілек БІТІМБАЙ
16 ақпан 2019 ж. 673 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930