» » КӨП БАЛАҒА ГРАНТ БӨЛГЕН АЛҒАШҚЫ АЙМАҚ

КӨП БАЛАҒА ГРАНТ БӨЛГЕН АЛҒАШҚЫ АЙМАҚ

  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшер­баев халық алдында есеп берді. Жиында аймақ бас­шысы өткен жылды қорытын­дылап, 2019 жыл­­­ға ар­нал­ған жоспар­лар­ды баяндады. 2018-2020 жылдары аймақта Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы жарияланды. Нәти­жесінде, өткен жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 13 пайызға арт­ты. 2018 жылғы рейтинг нәтиже­сімен біздің облысымыз шағын бизнесті жүргізуге қолайлы үздік аймақ аталып, былтыр Мемлекет басшысынан арнайы «Алтын сапа» сыйлығын алды. Шағын және орта бизнесті дамыту жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасады. Былтыр қаң­тарда үй-үйді аралап, жыл бойы өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз 97,5 мың адамның 70%-ын ресми түрде тіркеді. Оның ішінде 44 мың адамды еңбекпен қамту мүмкіндігі туды. Биыл 30 мың адамды жұмыспен қамту жалғасады. Аймақта соңғы 6 жылда шама­мен 3 миллион шаршы метр тұр­ғын үй пайда­лануға берілді. Облыс орталығының өзінде 2013-2018 жылдары 15 жаңа ықшамаудан са­лынды. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жылы тұрғын үй берудің жылдық көлемі 2,6 есеге өсті. Яғни, 700 мың шаршы метр баспана пай­далануға берілді. Мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік негізінде экономиканың барлық бағыт­тары мен инвестиция көлемін қамтитын жалпы құны 34 млрд теңгенің 118 жобасы жүзеге асып жатыр. Апатты жағдайдағы денсау­лық сақтау мекемелерінің 86 па­йызы шешімін тапты. Апатты мек­теп­тердің орнына 37 жаңа мек­теп салынды. Биыл Жаңа­қор­ған және Жалағаш аудандарында апатты жағдайда­ғы 2 мектептің ор­нына жаңа ғимарат салынады. Сондай-ақ үш ауысымдағы мек­тептер мәселесі шешілді. 3-тен 6-жасқа дейінгі балалар 100 па­йыз мектепке дейінгі бі­лім­мен қамтылды. Балабақшалар­дың 71 пайызы – жекемен­шік. 2013 жылдан бастап мұн­дай балабақ­ша саны 2 есеге өсті. Қы­зыл­орда мек­теп­терінің 2017 және 2018 жыл­дардағы тү­лек­терінің 97 пайызы орта және жоғары оқу орындарына түсті. Қызылорда облысы – 2014 жылдан бастап 520 түлекке Ресей­дің же­текші техникалық жоғары оқу орындарында Ресейдің грантымен оқуын ұйымдастырған еліміздегі бірден-бір аймақ. Алғашқы 32 тү­лек оқуды 2018 жылы аяқтап, ай­мақтың кәсіпорындарында жұмыс істесе, қалған 42 түлек магис­тра­турада оқуларын жал­ғастырып жатыр. Биыл тағы 123 студент оқуын аяқтайды. 2018 жылы Мәскеу және Санкт-Петербор жоғары оқу орындарына тағы 58 қы­зылордалық оқушы түсті. Бұдан басқа 2013 жылдан бас­тап көп­балалы және аз қамтылған отбасы­лардың, әсіресе, ауылдық жерден шыққан талапты балаларды оқытуға облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалды. 2018 жылы атал­мыш грант саны 2 есеге артып, 205-ке жет­ті, қазір 900 білімпаз аймақта еңбек ре­сурстары балан­сына сәйкес облысқа қа­жетті ма­мандықтар бойынша еліміздің белді жо­ғары оқу орындарында білім алып келеді. 2018 жылы 28 қарашада Мав­рикий Республикасында өткен ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт атаның ру­хани мұра­ла­ры­ның БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енуі – мәдениет­тегі ең маңызды оқиға. Бұл жоба төрт жыл бойы Түркия және Әзер­байжандағы әріп­тестермен бірле­сіп жүзеге асырылды. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкі­мет отырысында тұрғындардың кіріс және өмір сапасы – бұл елі­міз­дің негізгі ба­­сым­дық­тарының бірі, мемлекет дамуы­ның бас­ты критерийі екенін айтты. Сон­дық­тан би­ыл Мемлекет басшысының төр­аға­лы­ғы­мен өткен Қауіпсіздік кеңе­сі­нің оты­­ры­сында көтеріл­ген мәселе бо­йынша жұ­мыс жүр­гізуі­міз керек, – деді Қырымбек Көшербаев. Кездесуге жергілікті атқарушы мемле­кеттік орган басшылары, мәслихат де­пу­таттары, аймақтағы барлық 264 елді­ме­кеннің өкілдері, тұрғындар, саяси пар­­тиялар мен үкіметтік емес ұйымдар, қо­ғам­дық кеңестер, еңбек ұжымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ бей­некон­ференция арқылы барлық жеті аудан және Байқоңыр қаласы байланысқа шықты. Есеп беруде аймақ басшысы қысқа мерзімде халықтың әлеу­мет­тік аз қам­тамасыз етілген көп­балалы отбасыларды, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша арнайы өңірлік бағдарлама әзірлеуді тапсырды.
Миуа Байназар, Қызылорда облысы
16 ақпан 2019 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031