» » СУ РЕСУРСТАРЫ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛСА…

СУ РЕСУРСТАРЫ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛСА…

Парламент Сенатында Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері азаматтық қорғаныс, атап айтқанда су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті. Комитет төрағасы Дариға Назарбаева мәселенің маңызын атап өте келіп, мемлекеттік орган­дар жұмысындағы бірқатар жүйелі олқылықтарға назар аударды. Соның салдарынан ықтимал су тас­қыны күтпеген апатқа ұласаты­ны айтылды. «Бұл ретте бірқатар мәсе­лелер орын алып отыр: уәкі­лет­ті органдарда мамандардың аздығы және толық еместігі, гидрометеорология қызметіндегі қар­жы жетіспеуші­лігі, гидротехни­ка­лық құрылыс­тар­дың дұрыс жоба­­ланбауы, су басу қаупі бар учас­­келерде елді­ме­кен­дердің заң­сыз салынуы және басқа да көп­те­ген мәселелер бар», – деді сенатор. Д.Назарбаеваның пікірінше, гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалану саласындағы түрлі мекемелердің құқықтық акті­леріндегі келіспеушілік, көп­фак­торлы талдау өткізу мерзім­дерін қайта қарау мәселе­лері шешімін таппаған. Су тасқынының салдарын алдын алу жөніндегі жүзеге асқан және қабылданып отырған шаралар туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крылов, Шығыс Қазақстан облысы әкімі­нің орынбасары Серік Ақтанов баяндама жасады. ІІМ мәліметтеріне сәйкес, құрылыс еліміздің түгелге жуық өңірінде төтенше жағдай қаупін ескерместен және су қорғау белдеулері мен аймақтары шегінде салынады. Сондай-ақ иесіз жатқан 29 гидротехникалық стансаның мәселелері шешілмеген және соңғы 3 жылдың ішінде Атырау, Маңғыстау және Қостанай облыстары жергілікті атқарушы органдарының хабарлау жүйесін жаңартуға қаржы бөлінбеген. Ғалымдар мен сараптама қоғам­дас­тықтарының өкілдері депутат­тарға су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы айтып берді. Мемлекетаралық су шаруа­шы­лығын үйлестіру комиссиясы Ғылыми-ақпараттық орталығы­ның директоры Нариман Қып­шақ­баевтың айтуынша, атал­ған мәселелердің ішінде ұлттық және жергілікті деңгейлерде су басқару мәртебесін арттыру – кезек күт­тірмес мәселе. Ол Прези­дент жа­нын­­дағы Ұлттық су кеңесін және Үкімет жанындағы Су рес­урс­тары агенттігін құруды ұсынды. Д.Назарбаева ғалымдардың ұсынысына қолдау білдірді. «Біз, барлық депутаттар, осы мәселенің шешілуіне бірауыздан қол жет­кізуі­міз қажет» деп атап өтті сена­тор.
Айхан ШӘРІП

16 ақпан 2019 ж. 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031