БАЙҚОҢЫР СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУДЕ

ВЖТ мүшелері қорғаныс дамбалары мен сужетектерді, техникаларды тексеріп, жалпы білім беру ұйымдары базасындағы уақытша орналастыру бекеттеріне барды. Арнайы комиссия тексерудің қорытындысын хабарлағандай, Сырдария өзенінің арнасында мұз құрсауы жатыр, судың деңгейі қалыпты, қорғаныс құрылыстары жарамды күйде. Уақытша орналастыру бекеттері халықты қабылдауға дайын. ВЖТ Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар қызметімен тығыз байланыста, деп атап өтті қала әкімшілігінің баспасөз қызметінен.