» » Дариға Назарбаева: Өзіме орыс тілі ыңғайлы

Дариға Назарбаева: Өзіме орыс тілі ыңғайлы

 ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, сенатор Дариға Назарбаева өзінің депутаттық сауалын неге орысша жолдағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Орыс тіліне ешкім тыйым салған жоқ, депутаттық сауалымды осы тілде жасадым, маған ыңғайлы тілде. Бәріміз Президенттің тапсырмасын орындауға тырысамыз. Орыс тілін ешкім жоққа шығарған жоқ, олай болмайды да. Өзгелерді де сыйлау керек, сондықтан мұндай мәселелерде шектен шығудың қажеті жоқ. Ұлтаралық бірлікті ешкім жоққа шығармады. Еліміздің аумағында қолданылатын тілдер еліміздің Конституциясымен бекітілген", - деп түсіндірді Назарбаева.  Депуттатық сауал Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевке жолданып, Сенат отырысында оқылды.  26 ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникация минстрі Дәурен Абаевпен кездесуінде Парламент және үкімет қызметі мемлекеттік тілде жүргізілу керектігін мәлімдеген.  Келесі күні үкімет отырысы қазақ тілінде өтті. 
https://kaz.tengrinews.kz/
01 наурыз 2018 ж. 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930