Адам етін жейтін халықтар туралы не білеміз?
Бүгінгі күні жаһандану көптеген елдердің өзіне ғана тән ерекшеліктерін түбегейлі жойып отыр. Бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрыптар "хэллоуин" сынды мерекелермен алмасуда. Бұл көбіне дамушы мемлекеттерге қатысты жағдай. Алайда, көшпен бірге дамуды жөн көрмейтін және адам сенгісіз салт-дәстүрі бар халықтар да кездеседі деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Вари тайпасы Амазония ормандарын мекен етеді. Бүгінде олардың саны екі мың ғана. Оңтүстік америкалық тайпалардың ішінде өркениетті әлемге ең соңғы болып қадам басқан осы - варилықтар болды. Бұл жайт 1960 жылдары болды. Дәл осы кезде күллі әлем олардың адам сенгісіз салты туралы білді.
Варилықтар адам қайтыс болған соң оның денесін барлық туысқандары жиналғанша, күзетіп тұрады. Бұл әдетте, үш күн уақытты алады. Марқұмның барлық жақындары жиылғанда оның денесін өртеп, артынан жеуге кіріседі. Бұл үрдіске қайтыс болған адамның жақын туысқандары қатыспайды. Олар марқұмның денесімен өзгелер азықтанып болғанша қарап отырады. Сонымен қатар марқұмның бар жиған мүлкін де өртеп тастайды.
Бұлайша варилықтар адам өлімінен кейін, ол туралы естеліктерді де жоюға тырысады. Олар үшін марқұмды жерге көму нағыз ақылға қонымсыз нәрсе болып табылады.
Варилықтар адам қайтыс болған соң оның денесін барлық туысқандары жиналғанша, күзетіп тұрады. Бұл әдетте, үш күн уақытты алады. Марқұмның барлық жақындары жиылғанда оның денесін өртеп, артынан жеуге кіріседі. Бұл үрдіске қайтыс болған адамның жақын туысқандары қатыспайды. Олар марқұмның денесімен өзгелер азықтанып болғанша қарап отырады. Сонымен қатар марқұмның бар жиған мүлкін де өртеп тастайды.
Бұлайша варилықтар адам өлімінен кейін, ол туралы естеліктерді де жоюға тырысады. Олар үшін марқұмды жерге көму нағыз ақылға қонымсыз нәрсе болып табылады. Жоғарыда аталып өткен адам жегіштер тұрғындарды етін жеу үшін өлтірмейді. Олар тек, белігілі бір жағдайда қайтыс болған адамның етін қолданады. Алайда, Фиджи аралындағы тайпа үшін бұл түсінік мүлде басқаша.
Олар үшін керісінше, қарны ашқан кезде тірі жанды өлтіріп оны қорек ету қалыпты жағдай айналып кеткен.
Фиджи аралына аяқ басқан туристердің оларға жем болғаны анықталған.