Ыстық қайшымен шаш қию
Егер шаштың ұштануы сіз үшін үлкен мәселеге айналса, одан арылу үшін ыстық қайшымен шаш қию дауасын жасатып көріңіз. Бүгін осы шаш қию түрімен танысып, оның жағымды жақтарын қарастырайық. Қазірде ұштанған шаш көп арулардың мәселесіне айналып отыр. Судың сапасы, экология, түрлі ыстық плойкаларды қолдану, шашты фенмен кептіру - осының бәрі шаштың ұштары құрғап, ұштануына әкеледі. Нәтижесінде ай сайын 2-3 см шашты кесіп тұру керек болады. Шашын өсіремін деген аруға бұл тиімді емес. Сондықтан шаш алудың заманауи түрі, арнайы тек ұштанған шаштарды алатын ыстық қайшымен шаш қию дауасын қолданып көріңіз. Бұндай дауаға арнайы қызатын қайшы қажет. Шаштараз 80-150 градус арасындағы температураны таңдап, шаш қырқа бастайды. Ыстық қайшымен шаш алғанда оның ұштары күйіп қалады. Осының арқасында шаштың ұштануы тоқтайды. Шаштараздың шашыңызды дұрыс алуын қадағалаңыз. Ыстық қайшымен шаш алу қарапайым шаш қырқуға ұқсамайды. Ол шаштың кішкене бұрымын бұрап, ұзындығы бойынша ұштарды қырқып шығу керек. Жиі жағдайда шаштың ұзындығы көпке қысқармайды. Ол тек ұштанған шаштың бөлігін қырқуы керек. Мұндай дауа 40 минуттан 2 сағатқа дейін жалғасуы мүмкін. Бұл шашыңыздың ұзындығы, қалыңдығы, түріне байланысты болады. Ыстық қайшы дауасынан кейін шаш ұштануын тоқтатып, жылтырап, жұмсақ жатады, шашыңыз күтімді болып көрінеді. Әрине тек осындай шаш алу түріне үміт арту дұрыс емес. Сондықтан дәстүрлі шаш күтім түрлерін ұмытпай, шашыңызды арнайы термо қорғаныс спрей, ұштарды күтетін құрал, басқа да бальзам мен маскалармен еркелетіп жүріңіз.