Қыстағы шаш күтімі туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Бальзам немесе кондиционер қолданбау шашқа қаншалықты әсер етеді? Әсіресе, қыста шашқа бальзам немесе кондиционер өте қажет.
Егер шашыңызбен еш проблема болмаса және арнайы күтімді қажет етпесе, сусабын мен бальзам бір құралға біріктірілген түрін алуға болады. Алайда ондай құралдарды барынша аз алып, екі деңгейден тұратын толыққанды күтім жасаған жөн: алдымен сусабынмен жуып, содан соң бальзам немесе кондиционер жағыңыз. Қыздар шаш жууда жиі қандай қателіктер жібереді? Шашты ыстық сумен жуады, сусабынды және басқа да қосымша құралдарды толықтай шаймайды, қатты сығады, шашты жуу кезінде және сүлгімен сүрту кезінде қатты уқалайды. Сонымен қатар, шашты су күйінде тарайды. Шаш майлана берсе, күнде жууға бола ма? Егер шаш жиі жууды қажет етсе, оны күнде болса да жууға болады. Әр әйелдің шашы және бас терісі әртүрлі болғандықтан, барлығына арналған ортақ ереже жоқ. Балғындығын жылдам жоғалтатын шашқа арналған формуласы жеңіл және жиі қолдануға арналған арнайы құралдар бар. Егер шашыңыз майлы болса, шаш түбін жақсылап жуып, су температурасын түсіріңіз. Құрғақ сусабын шашты жумай-ақ күтімді көрсетуге арналған ыңғайлы құрал болғанымен, оны жиі қолданбаған жөн.