» » Өз жүрегіңе үңіле біл

Өз жүрегіңе үңіле біл

   Егер өз талғамыңның дұрыстығына көзің жетсе, онда ешкім де өзінің дұрыс деп санаған көзқарасын саған зорлап таңа алмайды. Сен қазір қалай өмір кешкен болсаң, өміріңнің әрбір минуты да солай өтпек. Ояу болсаң, сергек бол; Ұйықтасаң, қанып ұйықта, бір іспен айналыссаң, басқа іске бас қатырушы болма. Қолың қайда болса, ойың сонда болсын. Шешінген екенсің, судан тайынба. Шүбәлансаң, өзіңе сенім арта алмайсың. Бір нәрседен күмән ойласаң, сенім тиянақ таба алмай сырғақтайды. Жолыңа оралғы болып, сары уайымға салатын мәселені күні бұрын бір жақты еткенің абзал. Ақша арман-тілек, мұң-мұқтажыңды белгілемейді, қайта, арман-тілек, мұң-мұқтаждың арқасында атақ-абырой мен ақшаға қол жеткізесің. Адам өмірі, бейне, шахматтың тасы сияқты, бірде ұтасың, бірде ұтыласың, тек ойын қағидасына жүйрік болғанда ғана жұлдызың жанады. Қарсыласың сені сөзбен қағытып, қорласа, сөз таба алмай ширыққанға дейін оған қарсы жауап айтпа; Қарсыласың түнеріп отырып алса, әзіл-қалжың айтып күлдіруге тырыс; Қарсыласыңды өз көзқарасыңды жақтағанға дейін сұраудың астынан ал; Оның айтқан сөздерінің ешбір қисыны болмаса да, жөн дей сал; Оған өз ойыңды ашық айтып, түсіндір; «Су тамшыдан құралады» дегендей, әрқандай шаруаға жеңілінен бастап кіріс; Ойлампаздық – сені басқаларға еліктеп өмір сүретін бірсыдырғы тұрмыс дағдысынан азат ететін қозғаушы күш.

12 ақпан 2019 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031