» » Бастық болу – арманым

Бастық болу – арманым

  (Бүгінгі мектеп бітірушілердің бітпейтін жыры)
Еһ!
Құрдастарымнан қалмадым,
Қалаға қарай самғадым.
Оқуға құжат тапсырдым,
Бастық болу – арманым.
«Карманымды» сайладым,
Жетеді бәрі, бар малым.
Жоғары жаққа тықпалап,
Бастық болу – арманым.
Оймен елді шарладым,
Үмітімді жалғадым.
Шекемнен қарап халыққа,
Бастық болу – арманым.
Қайырмасы:
Арман-ай, арман, арман-ай!
Арман тәтті, қарғам-ай.
Сенерім көп, жүремін
Жан-жағымды жалмап-ай.
Уһ!
Адыра қалды арманым,
Грантқа ілінбей, алдандым.
«Әліппені» құшақтап,
«Қара суды» қармадым.
Қайтейін енді, сарнадым,
Саған сенем, бар малым.
«Коммерческий» оқуым,
Өзіңе әнді арнадым.
Осы болды алғаным,
«Қауашаққа» салғаным.
Ақылы екен бәрі де,
Соларға қолды жалғадым.
Қайырмасы:
Арман-ай, арман, арман-ай!
Өмір неткен жалған-ай!
Тегін оқу бұйырмай,
Басыма осы салғаны-ай.
Нұрлан КӨБЕГЕНҰЛЫ
06 қыркүйек 2018 ж. 1 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031