» » Қызылордалық самбошылар - ел чемпионы

Қызылордалық самбошылар - ел чемпионы

  Ақтау қаласында самбо күресінен 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бәсеке қорытындысында жалпы  командалық есепте бірінші орынды қызылордалық самбошылар иеленіп, облыс мерейін асқақтатты.  Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймағынан  400-дей самбошы 20 салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Жекелей есепте сынға түскен Жанерке Асқарова, Аружан Темірғали, Наргиз Воисова, Аружан Сатова алтын медальды жеңіп алды.
Шыңғыс Мұханғалиев, Еңбек Сақтағанов, Әсем Аманбек, Гүлзат Ұрынбаева күміс жүлделерді иеленсе, Ернар Қуандық, Бағдәулет Төлешов, Шынар Абатова, Назерке Әбілтаева, Рысты Жоламан және Айдана Әбілда қола жүлделерді еншіледі.
№1, №5 ОРМБЖМ,  және №15, №16 Қармақшы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде тәрбиеленетін спортшыларды жарысқа Мақсат Оспанов, Марат Асылов, Жанар Дүйсекенова, Тұрар Баймаханов, Берік Байтабынов, Болат Кенеев, Бақберген Тәтімбетов, Досжан Қалиев және Абай Әбішов дайындады.
Самбо күресінен жасөспірімдер арасында облыстың  аға жаттықтырушысы Дархан Сержанов:
- Ел чемпионатында спортшыларымыз 4 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль, барлығы 14 медальмен командалық есепте 1-орынға ие болды. Қазақстан чемпионы атанған самбошылар шілде айында Тайпейде Азия чемпионатына, қазан айында Ташкентте өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Былтырғы жылы Таразда осы жарыстан 11 медальмен командалық есепте күміс жүлдені иеленген болатынбыз. Сондай-ақ, кадеттер арасында облыс тарихында алғашқы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 2003 жылғы Ернар Қуандық осы бәсекеде өзінен екі жас үлкен спортшылармен белдесіп, қола жүлдегер болды. Төккен тер мен қажырлы еңбектің жемісі қашанда нәтижесін берері сөзсіз. Жоғары деңгейде боз кілемде белдескен барлық самбошыларға алғыс айтамын. Алдағы жарыстарда да еліміздің абыройын асқақтату үшін талмай еңбек ететін боламыз, - деді.  
19 ақпан 2019 ж. 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031