Режиссер Сәкен Жолдас жаңа әліпбимен пернетақтада қалай жазуға болатынын көрсетті
Режиссер Сәкен Жолдас латын негізіндегі қазақ әліпбиін пернетақтаға ауыстыруға қатысты өз нұсқасын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Маманның айтуынша, ол бастапқыда жаңа әліпбиде акуттардың болғанын қолдаған. Оның айтуынша, әріптердің көбі бұл жүйемен жұмыс істей алады. Осы орайда маман испан, француз, чех және Еуропадағы басқа тілдерді мысал ретінде келтірді. "Апострофтармен қандай қиындықтар болды? Мысалы, сен "а" әрпіне апостроф қоятын болсаң, пернетақтада символдарға көшу керек болады. Акуттармен де дәл солай, "а" батырмасын ұзақ басып тұрсаңыз, Iphone оны автоматты түрде акутқа айналдырады. Акутты қолдану жеңілірек, сондықтан да мен осы идеяны ұсындым", - деп түсіндірді қазақстандық.
Мұнымен қоса, қазақстандық жігіт арнайы пернетақта енгізу туралы шешімге тағы бірнеше ұсыныс айтып отыр. Жолдастың айтуынша, бұл жүйе әріптерді тез теруге мүмкіндік береді. Ол тіпті мұның қалай жұмыс істейтінін видео арқылы көрсетті.