» » Латын қарпіне көшуді бірінші болып ұсынған академик Әбдуәли Қайдар дүниеден озды

Латын қарпіне көшуді бірінші болып ұсынған академик Әбдуәли Қайдар дүниеден озды

  Академик Әбдуәли Қайдар 95 жасына қараған шағында бақиға аттанды. Қаралы хабарды Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының ғалым-хатшысы Мейрамбек Таубалдиев жеткізді.
«Ана тілінің абызы, академик Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы өмірден озды. Отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бақұл болыңыз, ана тілдің маршалы!» – деп жазды Мейрамбек Таубалдиев Facebook желісінде.
Әбдуәли Қайдар қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруді бірінші болып ұсынған еді. Ол –  қазақ тіл білімінің көрнекті маманы, белгілі түркітанушы, Шоқан Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері (1971), Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983), Түркияның «Türk Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті (академик) мүшесі (1989), Башқұртстан ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (1991), ҚР Президенті жанындағы ішкі саясат комитетінің мүшесі (1995), Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті (2004), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Әбдуәли Қайдар 1924 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген. 1942 жылдың мамырында қазақ орта мектебінің 9 сыныбын және он айлық педагогика курсын аяқтасымен, өз еркімен сұранып майданға аттанды. Майдандағы жауынгерлік ерлігі үшін Ә.Қайдар ІІІ дәрежелі «Даңқ» (1944), І дәрежелі және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» (1944), екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» (1945) ордендерімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Москваны қорғағаны үшін» т.б. медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейін Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген Ә.Қайдар, 1951 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының аспирантурасына қабылданып, оны 1954 жылы «ұйғыр тілі» мамандығы бойынша бітірген. Міне, осылай басталған аспиранттан академикке дейінгі, кіші ғылыми қызметкерден (1954) академиялық ғылыми-зерттеу институтының директорлығына (1978) дейінгі ғалымның ғылымдағы ғұмыры ҚР ұлттық Ғылым академиясының (қазіргі ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзырындағы) Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының) қара шаңырағы астында өтті.
Ғалымның жалпы түркітану ғылымына, соның ішінде, әсіресе қазақ тіл білімі мен ұйғыртану саласына қосқан нақтылы үлесі мен сіңірген еңбегін оның жариялаған 500-ге жуық ірілі-кішілі (жалпы көлемі 1000 б.т. астам) зерттеулерден, оларда көтерілген сан алуан (50-ден астам) лингвистикалық проблемалардың теориялық өзектілігі мен практикалық қажеттілігінен де, тақырыбынан да айқын көруге болады.
Солардың ішінде жеке кітап түрінде монография, жинақ, сөздік, мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен кітапшалардың жалпы саны 60-тан асады.
Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ә.Т.Қайдардың ғылыми-педагогтік қызметі, ғылымды дамытудағы, ғылым кадрларын даярлаудағы еңбектері үкімет тарапынан жоғары бағаланып, «Халық достығы» ордені, «Отан» ордені, «Құрмет нышаны» (Түркия ордені) «Ана тілінің айбары» алтын белгісімен және 12 медаль, көптеген құрмет грамоталарымен марапатталған.
Stan.kz 

27 ақпан 2019 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031