» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛДІ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛДІ

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 2 тамыз күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Тілдерді дамыту және қоғамдық жұмыстар комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары әзірлеген латын әліпбиі негізіндегі Жаңа емле ережелерінің сынама сауалнамасы жүргізілді.
Сауалнама мақсаты – қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру міндеттерін іске асыру аясында әзірленген қазақ тілінің латын графикасындағы Жаңа емле ережелері жобасын қоғамның әр түрлі топтары арасында байқау сынамаларын жүргізу арқылы сараптау болды.
Бұл іс-шараға аталған департаменттің 15 қызметкері қатысты. Сынамаға қатысушылар латын әліпбиі негізіндегі жаңа емле ережелері жобасының сауалнама сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беріп, кітапшаның соңғы бетіне өз ұсыныс-пікірлерін жазып білдірді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
Мемлекеттік тіл және ақпарат
тобының бас маманы
03 тамыз 2018 ж. 1 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031