» » МЕНІҢ БАҚЫТЫМ

МЕНІҢ БАҚЫТЫМ

   Тимур БЕКЕТҰЛЫ,4 баланың әкесі:
Баласы үшін қамқор әке, жары үшін адал жолдас болу − ер азаматтың міндеті. Ал үшемнің әкесі атану − маған бұйырған ең үлкен бақ, мерейлі қуаныш. Балалар 2011 жылы дүниеге келді. Ең алғаш үш сәбидің әкесі боларымды білгенде қорқыныш та, жарымның денсаулығына алаңдаушылық та болды.
Ал олар  өмірге келген соң нағыз қызығымен қиындығы араласқан жаңа сәттер басталып кетті. Үшемнің үлкені Манзура, одан кейін  Мансұрбек, Расулбекті бағуға анам көп жәрдем берді. Ол кезде ата-анамыздан еншімізді алып, бөлек шыққанбыз. Келіншегім Бағжан екеуміз шақалақтардың бар шаруасын реттеуге үлгермейтінбіз, әсіресе оларды тамақтандырған сәтте бір адамның ие болуы тіпті мүмкін емес еді. Сол кезде анамның қаншама жылғы тәжірибесі бұл қиындықтарды елемей, төзіммен еңсеріп кететін. Күндіз анам екеуміз жұмыста болған кезде Бағжан балаларға өзі қарайды. Көбіне тұңғышымыз Ақгүл көмектесетін, бірақ сол кезеңде ол да бала болатын (күліп). Біз жалдамалы пәтерде тұрған уақытта үйде жылу аз болып, балалар ауруханаға жиі түсіп қала берді. Сол кезде жұбайымның ата-анасы да қолдарынан келгенін аянып қалмады. Қазір үшемдер Мұрагер мектебінің 1 сыныбында оқиды. Манзура дәрігер болуды, Мансұрбек әскери қызметкер, Расулбек полиция  болуды армандайды. Оқу үлгерімдері үздік, сурет салғанды, ән, би үйірмесіне барғанды жақсы көреді.
Мен ең алдымен үшемдердің әжесіне, яғни өз анама үлкен алғысымды айтамын. Негізі немере ата-әжесінің баласы болып есептеледі ғой.  Үшем де солай, ата-әжесінің көз қуанышы, еркесі. Кейде үшемнің әкесі атанумен қатар, жар таңдауда да жолым болғанын үлкен бақыт деп есептеймін. Сонымен қоса Бағжан екеуміздің үлгілі отбасын құрып, балалардың қуанышын бірге бөлісе алуымызға мемлекеттің де қосқан үлесі зор. Себебі нәрестелер туғанда бізге мемлекет тарапынан өзімізге қолайлы үйді таңдап, тегін алуға мүмкіндік берілді. Қазір біз сол үйде тұрып жатырмыз. Осындай бақытты нәсіп еткен Тәңірге, ата-анама, жарыма, қазақ еліне алғысымды айтамын! Еліміз аман, балаларымыз адал  ұрпақ болып ер жетсін деп тілеймін!
Гүлдана ЖҰМАДИН
28 ақпан 2019 ж. 1 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031