» » КАСТИНГКЕ ШАҚЫРАДЫ

КАСТИНГКЕ ШАҚЫРАДЫ

  Қазақфильм "тағы бір туындымен толығады. Қазір "Қасым хан" атты тарихи" сериалға кастинг жарияланды. Іріктеу еліміздің 24 қаласында өткізіледі. Жоспар бойынша ақпанның 25-інен басталып, наурыздың 31-не аяқталады.  Қазір кастинг Түркістанда өтуде. Топ құрамында үш адам. Супервайзер – Құралай Ерназар, ассистент – Динара Нәбиева, оператор – Тасқын Мырза. Түркістан – Қызылорда қалаларындағы топ құрамымен байланысып, Құралай Ерназардан мән-жайды сұрадық.

– Фильм туралы толығырақ айтыңызшы...
– Мәдениет және спорт минисрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында "Қасым хан" атты көп сериалы тарихи жоба түсіріледі. Жобаның көркемдік жетекшісі "Ертұғрұл"  түрік сериалының режиссері – М.Гюнай.
– Фильмнің мақсаты қандай?
– Мақсаты – көрермендерге қазақ хандығын құрушы Жәнібек ханның ұлы Қасымның ХVI ғасырдағы өмірі мен ел билеу саясатын, тарихи деректерді тереңірек көрсету.
Кастингке қатысушыларға қандай талап қойылады? 
– Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге барлық қазақстандықтар (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады. Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеу керек, және кастингке бояусыз келуі тиіс. Кастинг 15 пен 45 жас аралығынын қамтиды. 15 жасқа жетпеген балалар және 45 жастан асқан азаматтар онлайн анкета арқылы кастингке қатыса алады. Сондай-ақ қатысуға ниет білдірушілер kazakhfilmcast@gmail.com электронды поштаға жақыннан бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз, бас киімсіз, өңделмеген фотосуреттерді (селфи емес), сондай-ақ басынан аяғына дейін бір сурет және өзі туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы мен салмағы, білімі және кинодағы тәжірибесі туралы) жолдауға болады. Кастингке қатысу тегін.
Қызылордаға қашан келесіздер?
Наурыздың 3-інен 6-на дейін мәдениет үйлері және өнер адамдарын қабылдаймыз. Ал 7-сінде облыс және қала тұрғындары үшін А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде кастинг өткіземіз.Барлық қызылордалықтарды кастингке қатысып, бақ сынауға шақырамын.
Сұхбатыңызға рақмет!
Мөлдір САБЫРЖАН
28 ақпан 2019 ж. 1 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031