"Қазақфильм" тарихи киножобаға кастинг жариялады

Көпсериалы киножоба қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы баяндайды. Жобаның көркемдік жетекшісі – "Жаужүрек Ертұрғыл" сериалын түсіріп жатқан түрік режиссері Метин Гюнай. Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады (ер азаматтардың бойы 180 см. кем болмауы тиіс). Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек. Кастинг Қазақстан бойынша өтеді. Алматы қаласында кастинг жұмыстары 25 қаңтардан басталады.
Мекен жайы: Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «ПЛК» ғимараты, 2-ші қабат, 252 кабинет. Жұмыс уақыты – күнделікті сағат 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін. Сондай-ақ, kazakhfilmcast@gmail.com электронды поштасына келесі ақпараттарды жолдау мүмкіндігі бар: жақыннан бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз, бас киімсіз, өңделмеген фотосуреттерді (селфи емес), сондай-ақ тұла бойы көрінетін бір сурет және өзі туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы мен салмағы, білімі және кинодағы тәжірибие туралы).
Әйелдерге айрықша айта кететін ақпарат: кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулері керек. Татуажы бар қыз-келіншектер қабылданбайды. Анықтама телефондары: 8 775 185 1082, 8(727)3021281 Кастингке қатысу ақысыз өтеді.
Дереккөз: massaget.kz