» » Аралдық шеберлер сауыт жасап шығарды

Аралдық шеберлер сауыт жасап шығарды

  27 жастағы ІІ топ көз мүгедегі Шайх-Ислам Мағауияұлы өзінің ұстазы, белгілі шебер Құдайберген Құлманбетовпен бірге сауыт жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салмағы 7 келі тартатын сауыт   жиырма күннің ішінде тоқылған. Оған мельхиор сымнан жасалған 18 мың сақина кеткен. Сондай-ақ, олар батырдың қару-жарақтарын да түгелдей әзірлеген. Шайх-Исламның сөзінше, қазіргі таңда бұл сауыт Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі мұражайда тұр. Жалпы, жас шебер теріден, ағаштан түрлі бұйымдар істеумен шұғылданады. Сондай-ақ, мүйізден түрлі кәдесыйлар жасайды екен. Айтуынша, Арал қаласына келген туристер ұлттық нақыштағы бұйымдарға қызығушылық танытатын көрінеді. Шайх-Ислам зергерлікті де қатар алып жүр. Сақиналар мен ат әбзелдерін жасайды.    
01 наурыз 2019 ж. 621 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930