» » Трамп пен Ким Чен Ын келісімге келе алмады

Трамп пен Ким Чен Ын келісімге келе алмады

  АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның сәрсенбі күні Вьетнамда болған іскерлік түскі асы кейінге шегерілген. Дональд Трамп пен Ким Чен Ын  екі күндік кездесуде өзара келісімге келе алмаған, - деп хабарлайды Ақ үй.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР төрағасы Ким Чен Ынның Ханойда өткен кездесуі «жақсы әрі конструктивті» болған. Бұл туралы екі елдің басшысы мәлімдеді. «Қазір екі жақ келісімге келген жоқ, бірақ олардың командалары мұны асыға күтіп отыр» делінген Ақ үйдің хабарламасында.
Кездесу нәтижесіне сүйенсек, екі жақты декларацияға қол қойылмауы мүмкін. Ал саммит бағдарламасы белгіленген уақыттан ертерек аяқталады деп болжам жасалып отыр.
Солтүстік Кореяның денуклеаризациялануы мүмкін бе?
Бұған дейін Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен екінші күні кездесуде ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Қос басшы да дөңгелек үстелде пікір алмасып, денуклеаризацияға қатысты ортақ шешімге келуге тырысты.
«Ядролық қарудан бас тартуға дайынсыз ба?» деген журналистердің сұрағына Ким Чен Ын: «Егер мен дайын болмасам, мұнда келмес едім» деп жауап берген. Алайда, Солтүстік Корея басшысы денуклеаризацияны қалай жүзеге асыратынын және қандай шаралар қолданатынын ашып айтпады.
АҚШ өз тарапынан КХДР-дің ядролық қарудан толығымен бас тартқанын, ал КХДР бүгінде АҚШ-тың азиялық одақтастарын – Оңтүстік Корея мен Жапонияны – қорғап тұрған  ядролық қалқанынан бас тартқанын қалайды.
Трамптың сөзіне сүйенсек, Солтүстік Кореяның денуклеаризациясына асығудың қажеті жоқ.
«Әуел бастан мен уақытты тездетудің маңызды емес екенін айтқан болатынмын. Ядролық ракеталарды сынақтан өткізу доғарылғанын өте жоғары бағалаймын. Ким мырза екеуміз дұрыс келісім жасағымыз келеді» деді ол.
Ким Чен Ынның Трамппен келісім-шартқа қол қою мәселесі жұмбақ күйде қалды.
«Әлі бір нәрсе айтуға ерте. Бірақ, мен пессимист емеспін. Бізде жақсы нәтиже болады деп ойлаймын» деді Ким Чен Ын.
Журналистердің Ким Чен Ынға қарата қойылған «Адам құқықтары туралы мәселе талқыланды ма?» деген сұрағына Трамп: «Бәрін талқыладық» деп жауап берді.
«Бізде продуктивті пікірталас болды. Қарым-қатынасымыз  әдеттегідей, мүмкін одан әлдеқайда жақсы» деді ол.

Abai.kz
02 наурыз 2019 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031