Төреғалидің шаңырағындағы қуаныш
Былтыр ғана үшінші қыздың әкесі атанған Төреғалидің шаңырағында үлкен қуаныш. Танымал хитмен ұлды болып, көпбалалы әкелердің қатарын толықтырды. Әншінің төртінші перзенті өмірге келді, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.
Сүйінші хабарды Төреғалидің өзі Instagram-дағы парақшасында өлеңмен жеткізді.
"Ұл әкеп дүниеге жан жарымыз,
Жарқырап кеткендей ме жан-жағымыз?!
Бұрын үйде орамал, көйлек көп ед,
Көбейетін болды ғой шалбарымыз.
Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті,
Қалсын деп артымыздан жалғанып із.
Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын,
Қалайша ұмытайық Алланы біз!
Барған жерде ұлды бол деп жатушы ед,
Ақ бата беріп кемпір, шалдарымыз.
Сол елдің ақ тілегі қабыл болып,
Мінекей орындалды арманымыз.
Халайық баршаңызға раxмет,
Недеген жайдары еді жандарыңыз.
Мен сіздерден сүйінші сұрап тұрмын
Бұл себебі сіздердің балдарыңыз!
P.S Атқа мінер туғанын көрсетіп тұр
Атқа мінген суретті салғанымыз!" - дейді Төреғали.