Мемлекеттік тіл- қазақ тіл

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151-І Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Конституцияға негiзделедi, осы заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Қазақстан Республикасында іс-қағаздар қазақ тілінде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған жағдайларда басқа да тілдер қолданылады.
Бүгінде мемлекеттік тіліміз қазақ тілі — ғылым мен білімнің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.
Елбасымыз Н.Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында да мемлекеттік тілімізге жанашырлық танытып, дамуына үлес қосуымыз қажет екендігін атап өткен.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы — Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Сондықтан бәріміз мемлекеттік тіліміздің дамуына бір ауыздан үлес қосуымыз қажет.
Қызылорда қаласының мамандандырылған
тергеу сотының жетекші маманы Қ.Сақтағанова