» » Инвесторлар елді емес, жайлы өмір сүретін қаланы таңдайды – Елбасы

Инвесторлар елді емес, жайлы өмір сүретін қаланы таңдайды – Елбасы


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, өзге қалаларға озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастауды тапсырды.
ҚР Президентінің бүгін жарияланған Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында «Ақылды қалалар» тұжырымдамасы да қамтылған.
«2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз. Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады», - делінген Жолдауда.
Осы орайда Елбасы «Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізуді тапсырды.
«Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек», - делінген Жолдауда.
Мемлекет басшысы «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналатынына сенімді.
10 қаңтар 2018 ж. 932 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031