Ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді

– Тәңірдің бізге ұсынған үлкен сыйы - Тәуелсіздік болса, басымызға қонған осы бақыттың баянды болуына әйел-аналардың қосар үлесі де қомақты дер едім. Отбасындағы ана, мектептегі ұстаз, еңбектегі әріптес қыз-келіншектер өздеріне тән нәзік сезімталдықпен, асқақ мейірімділікпен, таңғажайып төзімділікпен қоғамның ізгіленуіне, сол арқылы еліміздің іргесі бекіп, ілгерілеуіне қызмет етіп келеді, – дей келе, ел дамуы жолындағы қосқан өлшеусіз ерен еңбектеріне алғысын білдірді.
Мерекелік шараға арнайы қатыстырылып отырған 80 жасқа толған мерейлі мереке иелеріне, абзал аналарымызға, сондай-ақ көпбалалы аналарға, барлық қыз-келіншектерге арнайы аудан әкімінің құттықтауы, сый-сияпаты табысталды.
Сонымен қатар шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, білім беру саласының ардагері Ұлданай Тоқпанбетова сөз алып, барлық аналар, әйелдер қауымын айтулы мерекемен құттықтады.
Аудан өнерпаздары ақжаулықты аналардың құрметіне мерекелік бағдарламасын ұсынды.