Ит - адамның досы
Бұл толығымен әбден жауыр болған фраза, бірақ оның қайталануына қарамастан, ол аксиома болуды тоқтатқан емес. Өйткені, иттер мен олардың инстинктерін адамдар әлі де төтенше жағдайларда адам өмірін құтқару үшін пайдалануды жалғастыруда. Мұны барынша тиімді жасау үшін арнайы кинологиялық қызмет жұмыс істейді.
Онда иттерді жақсы көретін және түсінетін адамдар – кинологтар жұмыс істейді. Кинолог дегеніміз кім? Деген сұраққа жауап іздемес бұрын, бұл сөздің өзі не екенін білу артық болмайды. Мамандық атауы грек тілінде "ит туралы ғылым" ("кинос" - ит, "логос" - таным, білім, ғылым") дегенді білдіретін «кинология» сөзінен шыққан. Демек, кинолог - иттермен жұмыс істейтін адам.
Кинолог мамандығы ең жауапты және қызықты мамандықтың бірі деп есептеуге болады. Алайда кинологтың кім екенін көбісі біле бермейді. Әдетте, кинолог иттерді үйретуші дегенге саяды.
Төтенше жағдайларды жою жөніндегі топтарда болған иттер үйінді астынан адамдарды табуға, оларды алып шығаруға және шалғай жерлерде барлауға қабілетті. Мұндай иттер соғыс аймақтарында пайдаланылады, олар жарылғыш заттарды анықтай алады. Мұндай жұмыс тек қана төрт аяқты бағыныштылар үшін өз міндеттерін дұрыс белгілей алатын және оның мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтай алатын кинологтардың бақылауында ғана іске асуы мүмкін.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №313 қаулысына сәйкес, екі ұйым біріктірілді: ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы (Қызылорда қаласы)» ММ және Қызылорда облысы ТЖД «Суда құтқару қызметі» ММ. 2015 жылы штаттық құрамын ұлғайту кезінде жасақтың базасында кинологиялық бөлімі құрылды, сонымен бөлімшеде 3 кинолог бар, атап айтқанда бөлім басшысы және 2 бас құтқарушы – кинолог бар. Бұл жасақта барлық кинолог – құтқарушылар кинологиялық сертификаттық білім алған: Исмайылов Ержан - Кионология бөлімінің басшысы - Өзбекстан Республикасының «Антитеррор» Ұлттық кинологиялық орталығында оқыған, Пірімжанов Қайрат – кинологиялық бөлімшесінің бас құтқарушысы –Германияның Франкфурт қаласында "Блекада" кинологиялық мектебінде оқыған, Тұрғанбай Қанат - кинология бөлімінің бас құтқарушысы - Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде кинолог ретінде қызмет еткен.
Бүгінгі күні 3 қызметтік ит сертификатталған сынақтан өтіп, оларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына «А» сыныбы берілді. 2017 және 2018 жылдары кинология бөлімшесінің қызметкерлері қызметтік иттерімен бірге Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинология орталығында біліктілігін жоғарылатудан өтті.
"Ең бастысы, ит пен кинолог бір бүтін болуы керек" - дейді Ержан Исмайылов. Енді кәсіптің барлық негіздерін және қыр-сырын біле отырып, кинологияның жұмысы жаңа деңгейге жетті. Бұл иттердің сертификатталған сынақтардағы тамаша нәтиже көрсетулері мен оған сай марапатталған сертификаттарымен расталады.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағында ауқымды жұмыс істейтін әрбір кинологтардың жоғары біліктілігі, бай тәжірибесі және білімнің үлкен қоры бар.
Полигонында тәжірибелі үш иттен басқа, жас күшіктер де тәрбиеленуде. 2018 жылдан бастап жас төрт аяқты жауынгерлерге еріктілер
де қолғабыс етті. 2018 жылдың желтоқсанында «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Төтенше жағдайлар еріктілері» жобасының шеңберінде «ОӨАЖҚЖ» мен қоғамдық қор арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Еріктілердің жұмысы жас күшіктердің әлеуметтенуі мен бейімделуі болып табылады. Яғни, жас иттерді үлкен адамдар көп жиналған жерде сабырландыру. Еріктілер сонымен қатар иттерге дағдыларды үйрете алады, әр түрлі жағдайларда мінез-құлықтарын зерттейді, оқыту ережелерін үйренеді және тағы басқалар. Мамандардың пікірінше, иттермен байланыс жасөспірімдердегі ашушаңдықты азайтады, тәуелсіздік пен жауапкершілікті дамытады.
Ит сені иесі ретінде сезініп, дұрыс шешім қабылдайтыныңа сенім болған жерде, өз күшіңді барынша жұмылдыра аласың және оның сенімін ақтауға тырысасың. Өйткені сен ол үшін– сөзсіз бедел иесісің. Нәтижесінде өзара тиімді ынтымақтастық пайда болады: жастар кинологтарға иттерді әлеуметтендіруге көмектеседі, иттер жастарға адал және мейірімді болуға көмектеседі. Айтпақшы, кинологтар оларға өз иттерімен бірге келетін болса да, мүлдем қарсы емес. Олар жастарға иттерін дұрыс тәрбиелеудің жолдарын үйретеді.
«Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының
директоры Ольга Чебакова
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ бірлесіп