Сұрақ-жауап

Сұрақ:
Некесіз баланы некелі отбасы асырап алса, некесіз туғаны баланың болашағына әсері ете ме? Некесіз туған ібілістің жауынгері деген сөз қаншалықты рас? Оны асырап алушы адам Алла алдында жауапқа тартылуы мүмкін бе?
Бағлан Ибиров
Жауап:
Сұраққа Muslim.kz сайтының діни сарапшысыАйбек Әбдіқадыр жауап береді:
Некесіз туған бала ібілістің жауынгері деген сөздің Алланың асыл дініне қатысы жоқ. Бұл сөз Құранда да, хадисте де, үмметтің ірі ғалымдарының сөздерінде де байқалмаған. Әрі бұл сөз дұрыс ақылға да қайшы келеді. Себебі некесіз туған бала некесіз туғаны үшін жауапты емес қой. Ол үшін жауапты адамдар – некесіз қарым-қатынас құрып, зина жасаған биологиялық ата-анасы.
Ал баланың өзіне келсек, ол өзге адамдар сияқты өзінің істеген іс-әрекеті үшін ғана жауапқа тартылады. Себебі Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әрбіреудің істегені өзіне тән. Біреудің күнәсын екінші біреу көтермейді», – дейді. Егер ол бала зұлымдыққа мейіл болса: «(Алла) Залымдарға күйзелтуші азап даярлады», ал егер иман етіп туралыққа мейіл болса: «Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендер, олар үшін нығметі түгемейтін бақшалар бар». Ендеше баланы әке-шешесінің күнәсі үшін мінеу,айыптау дұрыс іс емес.
Кей адамдар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «ойнастықтан болған бала жаннатқа кірмейді» деген хадисы бар деуі мүмкін. Алайда бұл сөздің Пайғамбарымызға (с.ғ.с) еш қатысы жоқ. Имам Мулла Қари да, Имам Ибн Жаузи де бұл сөздің Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) атынан айтылған тоқыма хадис екенін баяндаған. Ендеше, некелі адамдар кез-келген жетім баланы қарамағына алып, қамқоршы бола алады. Жетім балаға қамқорлық жасаушы адам туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Менімен жетімге қамқор болған адам екеуміз жаннатта мынадай боламыз» деп сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын көрсеткен. Осылайша, жетімге қамқор болған адамның жаннаттық болатынын, онымен қоса жаннатта Өзімен (с.ғ.с) бірге болатынын сүйіншілеген.
Тоқетері: некесіз туған жетім бала – Алланың құлы. Ібілістің әскері де, меншігі де емес. Ол некесіз туған әке-шешесінің күнәсін арқаламайды. Оның болашағы әке-шешесінің күнәсіне емес, көрген тәрбиесіне құрылады. Сол үшін оның болашағы қамқорлық жасаған адамдарына байланысты. Жетімге қамқорлық жасаушы адам, баланың түрі, түсі, әке-шешесінің кім болғанына қарамастан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жоғарыда келтірілген хадисіндегі сүйіншіге ортақ болады.
 
26 шілде 2018 ж. 708 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930