» » "Өлтіріп кетеді": Керімбекова кімнен қорқып жүр?

"Өлтіріп кетеді": Керімбекова кімнен қорқып жүр?

   Отандық эстрада жұлдызы Ақбота Керімбекова шыншыл адам болғандықтан билікте ұзақ жүрмеуі мүмкін екенін айтты. Өзін өлтіріп кетеді деп ойлаған әнші "ХитТВ" арнасына берген сұхбатында
Керімбекова шындықты жақсы көргендіктен көп сынаққа тап болғанын алға тартты.
"Билікке барсам, бір-екі күннен соң мені өлтіріп кететін шығар. Мен шындықты жақсы көретін, шындықпен жүретін адаммын.
Сол шындығым үшін шығар кейде өмірімде сынақтар болып жатқаны. Біреу дұрыс түсінеді, біреу бұрыс түсінеді.
Қалай бар, солай өмір сүретін адаммын. Сол себепті, билікке бару мақсатымда да болған емес. Егер шақырса, тазалар едім", - деді ол.
Оған қоса, әнші бүгінгі эстраданың келбеті туралы пікірімен бөлісті.
"Екінің бірі әнші, екінің бірі сахнада. Еріккеннің бәрі әнші болып кетті. Әнші ме, әнші емес пе? Не айтып жатырмын, не айтқым келіп жатыр деген ой-түйсік жоқ. Әйтеуір бір-екі ән жазып, сахнада жылтыңдап жүрген әншілер өте көп.
Айтсаң, біреу көре алмайды деп ойлайды, біреу басқа деп ойлайды. Өздері не айтарын білмегендіктен, жастарды көре алмайды деген неше түрлі ұғымдар кетті ғой.
Менде өзіміздің қазақтың өнерін, қазақтың әнін ары қарай жастарымыз дамытса деген мақсат бар. Мен үшін дәл қазіргі эстрада, дәл қазіргі сахна тоқырау болып жатыр. Ол да бір орнына келеді деген ойдамын", - дейді Керімбекова.
Ақботаның айтуынша, қазіргі уақытта тасада қалып жатқан талантты жастар баршылық. Әнші ендігі кезекте сахнаға өнерлі өрендерді дайындауды жоспарлап жүр екен.
13 наурыз 2019 ж. 1 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031